Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Белгілі заңгер, психолог Ләззат Рақышева өзінің Instagram парақшасында 16 жасар қыздың шарасыздан жазған хатын жариялаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Бұл оқиға карантин кезінде болған. Ол кезде мен 5 немесе 6 сыныпта оқып жүргенде, әкемнің інісінің баласы болатын. Ол маған сексуалдық зорлық көрсететін. Ол ағам әкесімен қарым-қатынасы онша емес болғандықтан біздің үйде тұратын. Ол кезде ешнәрсе білмейтінмін ғой.
Қысқасы, көп болған болатын айта алмаймын. Анам, ағам болып ауылға келгенбіз қаладан. Ауылдағы үйге келгенбіз ғой. Шалбарымды сыпырып әрекет жасайтынбыз ғой. Қазір 16 жастамын. Қорқам болашақта тұрмысқа шығам ғой. Енді пәктігім бар ма, жоқ па деп. Біздің елде бұндай группа бар. Бірақ ол жақта бәрі маған қатты сөздер айтты "өзің қырыңдап" деп. Ойлап көріңіздерші. Далада достар мен қуаласпақ ойнап жүрген қыздың ойына мұндай қырындау кіре ме? Мен кімге айтам ішімдегіні? Қорқамын болашағымнан", - деп жазған хат иесі.