Күйеуім мен абысынымнан мұндайды күтпеп едім

Oinet.kz 18-06-2024 6044

Инстаграм желісінде аты-жөнін жасыруды жөн көрген келіншек, оқырмандардан көмек сұрады. Айтуынша күйеуі мен абысыны көзіне шөп салған екен. Ендігі хат жазып отырған келіншіек күйеуін мұндай опасыздыққа не итермелегенін білмей дал болып отыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_8.jpg

"Мен күйеуіме толық сенетін едім. Телефонын тексермеймін де, "қайда барып келдің" деп сұрақтың астына алмайтынмын да. Өзім момын, ұрыса да алмаймын. Ата-енем, қайны ағам, абысын, олардың 4 бала шағасы, біз 3 бала шағамен және 1 қайын сіңілім бәріміз бірге тұрамыз.

Абысыным өте қу адам, жұмыстан келдім деп жата береді дым істемей, үй тірлігінің барлығын менің мойныма қойып қойған. Енем де оның сөзін жақтайды. Мен де жұмыс істеймін. Күйеуіме қанша айтсам да ол "қойшы өздерің шешіңдерші" деп айтатын, всегда абысынды қолдап шығатын. Бұрын 2 қызбен измена жасап еді кешірдім олар просто жп-ларғой ақшаға жата беретін деп. Ал осы жолы өзім жұмыстан соң нашар сезінген соң үйге келсем олар біздің төсекте болып жатыр. Көрген кезде тірідей мені өлтіргендей болды. Не айтарымды да білмедім, не істерімді білмедім. Неге деген ғана сұрақ тек. Олар көптен бері жатып жүрген екен мен жоқтан бері. Аралары 5 жас екеуінің. Қалай сонда? Мені жақсы көрмейді ма? Мені не үшін алды? Мен не істеп қойдым осынша қорлық көретіндей? Ол үшін барлығын жасап та жүрмін, артық ақша сұраған емеспін, өз айлығымды енем ұстайды, бала ақшасында, оған бірде бір рет ауыртпашылық салып, сыйлықта сұрамағанмын ғой. Ал ол болса туған абысыныммен жатып жүр осынша жыл бойы. Бұл туралы ешкімге айта алмаймын. Егер қайныағама или енеме айтсам онда күйеуім төркінге апарып тастаймын дейді. Не істесем болады? Депрессияға кіріп кеттім, көмектесіңіздерші", - дейді өз хатында келіншек. 


Мен ол пойызға мінгенде 17 жасар пәк қыз едім
Көрші аға «келші тәтті екенсің, кәмпит берем» деп үйіне шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу