Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Психолог, мотиватор Ақмарал Орынбаеваның инстаграм парақшасына кішкентай кезінде бір емес, бірнеше рет зорланған 21 жасар қыз хат жазған. Айтуынша, егер әкесі арақ ішпегенде бұл жағдайлардың бірі болмас еді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Менің жасым 21-де бірақ жан әлемім 60-та секілді. Өмірде көрмегенім қалмағандай. 6 жасымда зорлық құрбаны болдым. Баламын ғой көрші аға: "Келші тәтті екенсің, кәмпит берем",- деп үйіне шақырды.
Сол сәт мықты қалды есімде. Шырылдап жылағаным есімнен танғаным. Аға үстіме су құйып есімді жинатып “Ешкімге айтпа, айтсаң мамаңды өлтіремін”,- деді. Мен қатты ауырдым. Үйдегілер тұмау деп укол салдырды, көз тиді деп молдаға оқытты. Міне осылай бала қыздан қорқақ қызға айналдым
13-жасымда әкемнің інісі түрмеден шыққан соң үйімізде тұрды. Бір күні ұйықтап жатқанымда қылғындырып білгенін жасады. “Сайқал қыз емессің енді менімен күнде боласың, әйтпесе бәріне айтамын“,- деді. Баламын ғой қатты қорықтым.
Үй жақта көл болатын сол жерде құлап суға кеткім келді. Көрші апай жұмыстан келе жатып,көріп құтқарып алды. Мен еркектерді жек көремін. Әкем арақ ішпегенде мені бұлай ешкім мазақ қылмас еді. Анам мектепте пол жуады. Бізге қарауға қолы да тимеді. Өте жуас адам,әкем үнемі ұрып көк ала қойдай қылып ,сабап тастаса да кетпеді. Әйелдер “балаларым үшін ажыраспадым” деп әңгіме қылғанда айқайлағым келеді, Ең әуелі сұрасаңдаршы солардан.
Әкем алқаш болмаса, қызметте істеп, мысы болса, мені көрші оңбаған зорлар ма еді? Әкемнің інісі де қорламас еді… Бұл сыр ішімде. Кімге айтамын? Анама ма? Ол кісі де әзер жүр, өліп қалар деп қорқам. Күлудің не екенін білмеймін", - дейді әбден жәбір көрген қыз өз хатында.
Өз кезегінде психолог ол қыздың көз жанары солып, тірі өлікке айналғанын, бәрін қабылдап жаңа өмір бастауы үшін көп жұмыс жасағанын айтты Тіпті, хат иесі ендігі тұрмысқа шыққан көрінеді.
"Иә, жұмыс жасалынды, көп қиналдық. Бірақ жеңіс бізде болды. Мен Астанаға негізі келе жатқан басты себебім, сол қызымның үйлену тойы. Әрине видео сала алмаймын. Бірақ әр адам бақытты болуға құқығы бар.
Жүрегіндегі мұзы ойылып, өткен күн мәңгілікке кетті. Айтпақшы, күйеу бала өте лауазымды және оқыған иманды жігіт. Жастар бақытты болсын дейміз.
Бір қызығы 6-жасында зорлаған көршісі жаман ауруға шалдыққан екен. Қай жері дейсіз бе? Белден төмен қуығынан. Алла бар және әр адам ісіне жауап береді. Әкесінің інісі тағы түрмеге түсті және шығу шықпауы екі талай",- дейді Ақмарал Орынбаева.