Анам кешкен тағдырды айна қатесіз мен де кешкен екенмін

Oinet.kz 18-06-2024 2604

Психолог, мотиватор Ақмарал Орынбаеваның инстаграм парақшасында балалар үйінде көрмеген қорлықты көріп өскен Айгерім есімді қыздың тағдыры жарияланды. Тағдыр иесінің айтуынша, ол өзін тастап кеткен анасын өлердей жек көрген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_2.jpg

"Мен ешкімге сенбеймін. Сенгім де келмейді. Мен балалар үйінде өстім. Анам тастап кеткен туа сала. Балалар үйі - балалар үшін кішігірім тозақ десем күлерсіз. Қабағы қатуылы апайлар өшін сенен алатыны айдан анық, үйінде айқай болса сен арқылы эмоциясын шығарады.

Одан қалды сенен үлкендер сені мазақ етіп допша домалатады. Мен сұлу болдым, сол сұлулығым маңдайыма сор болды. Үлкен балалар ұстап алып әжетханада қылғындырып зорлады. Бітті сонан соң ол тарап кетті. Ал үлкен қыздар жігіттерін қызғанып ұратын.

Мені кім тыңдасын? "Анасы секілді жәлеп",- деп апайлар жиіркеніп ала көздерімен ататын. Анамды көрмесем де жек көрдім. "Бір жеріне неге ие болмады?", -  деп "Неге туды?", - деп көп жыладым.

Мен де 16 жасымда жүкті болдым. Менен құтылуға асығып, 9-сыныптан соң училищеге жіберген. Ол жақта оқудан қуылдым. Қайыр сұрап күн көрдім. "Менің орным", - деп қайыршылар да қуатын. Алланның берген қиындығы ма, әлде сынағы ма қиналып жүріп, қыз босандым.

Тастамаймын деп бір орыс апайдың үйінде тұрып, балаға қаратып, официант болып жұмыс жасап, тиынға тиын қосып жақсара бастадым. Мемлекет берген үйді алу керек екенін де білмеппін. Жетімдерге мемлекеттен үй беріледі емес пе? Ал мен соны да сұрамаппын.

Иә, мемлекетке де сенбеген екенмін. Ешкімім жоқ, тек қызым үшін деп кім не десе де шыдап аяқтан тұра бастадым", - дейді хат иесі. 

Айгерім 2 жылдан соң психолог Ақмарал Орынбаеваға тағы да жүгініп отыр екен. Бірақ бұл жолғы жағдай мүлде басқа. Анасын өлердей жек көріп өскен ол, анасын іздеп тапқан екен. Ендігі психологқа сол анасын әкеліп отыр екен. Ең қуанатыны, психолог сеансын ақылы түрде алмақшы. 

"Ақмарал апай, 2022 жыл есіңізде ме сізге келдім. Жылап дайректке жазғанымда келші жаным деп, тегін қабылдадыңыз. Маған ешкім ешқашан тегін көмек бермеген еді. Сенімім артты өмірде жылы сөз естідім.

Ақмарал апай, содан кейін визажист оқып алып, тасым өрге өрмелей бастады. ИП аштым . Қызым 4 жаста шүкір балабақшаға барады.

Мен неге келдім дейсіз ғой... Анамды таптым. Ол да балалар үйінде болып мен көргенді көріп, аяғы 15-жасында аяғы ауыр болып, мені асырай алмаймын деп өткізген екен. Кешірдім, Ақмарал апай . Аллам шексіз екенін түсіндім. Анам мен екеуміз біргеміз. Иә анам жас бірақ ешкімге сенбейтін, меңіреу қалыпта сол сізге әкелдім. Бұл жолы ақылы болады", - дейді ол. 

Көрші аға «келші тәтті екенсің, кәмпит берем» деп үйіне шақырды
Күйеуім «өлемін» деп қорқытады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу