Қайын енесімен жақындасып қойған күйеу жігіттің әңгімесі
Болашақ қайын енесінен бірнеше жас кіші бозбала онымен жыныстық қатынасқа түскенін және бұл әрекетіне тіпті өкінбейтінін айтады. Ер адам басылымға 17 жастағы Мадина есімді қызбен кездесіп жүргенін баяндаған. Айтуынша, “мәселенің бәрі” сүйіктісі оны анасымен таныстырғаннан кейін басталыпты.
Болашақ қайын енесі оны жылы қарсы алып, тіпті, қызы жоқта шүйіркелесетін болған көрінеді.
“Гүлзухра апаймен жақсы араласып кеттік. Үйлеріне де емін-еркін келіп, шай ішіп, әңгіме-дүкен құратынбыз. Оның маған қараған көзқарасының астарында бір сыр жататын. Кейіннен білдім ол Мадинаның туған анасы емес екен.
4 жаста болғанында әкесі Гүлзухра апаймен үйленіп, “бұл сенің анаң” деп айтыпты. Ал өз анасы жайында сұрағанымда Мадина бұл жайында екінші рет әңгіме қозғамауымды өтінді.
Туған анасы болмаса да екеуі осы күнге дейін бір рет те ренжіспеген екен. Әрине, анандай сөзі майда, эмоцияға берілгіш, сенің ойыңды айтпай тұрып оқып қоятын әйелмен ренжісу мүмкін емес”, – дейді азамат.
Бірде сүйіктісі Мадина ата-әжесіне ауылға кетіп, анасы екеуі оны вокзалда шығарып салған көрінеді. Ал қыздың әкесі болса іссапармен басқа қалаға кетіпті.
Осы уақытты пайдаланып, жігіт пен келіншек дәмханаға барып, ішімдік ішіп, мас болып қалған.
Сөйтіп, “төсектес болып тындық” деп ағынан жарылды жігіт.
“Біраз уақыт бұл оқиғадан кейін ыңғайсызданып жүрдім. Оның үйіне де көп жақындамай, Мадинамен де далада кездестім. Айтып қоя ма деген де қорқыныш болды. Бірақ солай бәрі бұрынғыша жалғасып жатты”, – дейді ол.
Сонымен бірге, ол алдағы уақытта “Мадинаға үйленетін болсам, қайын енеммен ара-қатынасым қалай болмақ?” деп көпшіліктен ақыл-кеңес сұраған.