Қайын сіңлімнің күйеуіне ғашық болып, жаза бастым

Oinet.kz 02-10-2023 7031

Мен – 33 жастамын. Он жылдай тұрмыста болдым. Күйеуімнен екі ұлым бар, үлкеніміз 9-да, кішіміз 7-де. Ол балаларын өте жақсы көреді. Бірақ мен қайын сіңлімнің күйеуіне ғашықпын.

Screenshot_7.jpg

Ия, бір жыл бұрын оның туған қарындасы баласымен, күйеуімен, біз бар яғни, екі отбасы бір аптаға Алакөлге бардық. Не болғанын қайдам, бірге жүріп, бірге суға түсіп, мәз-мейрам болып жүріп, Жасұланға қалай ғашық болып қаланымды білмеймін. Қайын сіңлімнің күйеуі де маған кет әрі емес сияқты. Тіпті бір-бірімізсіз өмір сүре алмастай жағдайға жеттік

Бір-бірімізге жақын отбасы болғандықтан қатты уайымдап, қиналдым, Жасұланмен біржолата қатынасты үзгім келген. Бірақ, ол екеуміздің де қолымыздан келмеді. Жарты жыл желікпелі-елікпелі, қызу қарым-қатынас болды. Әр жерде кезігіп жүрдік. Ол күйеуіңмен ажырас деді, өзі әйелінен кетпек болды. Ол кезде күйеуіме көңілім әлдеқашан суып қалғанымен, одан кете алмадым, балаларым үшін отбасын сақтағым келді.

Жасұланмен қарым-қатынасымыз бір жылға жақындағанда күйеуім де бізден сезіктеніп, күмәндана бастады. Санасын күдік билеген ол бір күні менің артымнан аңдып келіп, бізді енді іске кірісе бастаған жерімізден үстімізден түсті. Өзгенің астында жатқан әйелін көру жанға бататынын айтып, жағымнан салып қалды. Жасұланға шүйлігіп барып, табиғатына сай сабырлығы жеңіп, бұрылды да шығып кетті.

Бір қызығы, Жасұланға деген менің сезімім сол сәтте жалп етіп сөнді де қалды. Сол сәтте ол ішкиімсіз, тізесі бүгіліп, қорғаншақ көзқараспен, құйрығын бұтына қысқан бұралқы иттей еді.

Күйеуім заттарын алып кетіп қалды, мен балаларыммен жалғыз қалдым. Қайын сіңлім де ажырасуға арыз беріпті. Осы қылығымыздың салдарынан екі отбасы күйреп, үш бала (екеуі менікі, біреуі Жасұландікі) әкесіз өсетін болды. Ата-аналарымыз қайғы жұтып, есеңгіреп қалды. Әкем менен теріс айналды.

Оның үстіне, Жасұлан барлық лас кірді маған төкпесі бар ма, барлық кінә менен екенін айтып, пасықтығын көрсетті.

Ары қарай қалай өмір сүретінімді білмеймін. Тығырық. Ең қорқыныштысы – жалғыздық, балалар да өсіп келеді, оларға не деймін…?

Аяжан Төрехан

365info.k

Қызым менің тағдырымды қайталамаса екен
Маған қолы әрең жеткен күйеуім мені түк болмағандай тастап кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу