Өзімнің асыранды екенімді бір сәтке ұмытқан емеспін

Oinet.kz 06-08-2023 2564

Бүгін бір оқиғаны оқып отырып өз тағдырым туралы жазуды жөн көрдім. Мені ата-анам асырап алған. Бір өкініштісі, мен шын мәнінде кім екенімді өзім де білмеймін. Мені асырап алған ата-анам өз баласындай бағып-қақты. Қазіргі кезде 2 балапаның анасымын.

Screenshot_2.jpg

Өмірлік жолдасым Аллаға мың шүкір, жақсы адам болып шықты. Менің тағдырымды біле тұра Алланың берген аманатысың, жылатпаймын, бетіңе де баспаймын деген уәдесінде тұрып келе жатыр. Мені мазалайтын нәрсе көңіл-күйім бұзылса болды, өзімді кінәлі сезініп жылап та аламын. Сұрақтарымның жауабын іздеп таба алмай қиналамын. Мені осы өмірге әкелген адамдар қайда екен? Осы өмірде бар ма екен? Немесе жанымда жүр ме екен? Бір кездері қателікпен дүниеге әкелген баласы есінде ме, олай болса неге іздемейді екен деп көп ойланамын. Олар туралы менде ешқандай мәлімет те жоқ. Қайдан, кімнен сұрауды да білмеймін.

Асырап алған анам да о дүниелік болғанына 13 жылдың жүзі болды, ал әкеммен бұл туралы сөйлесе алмаймын. Әкемнің жан жарасын тырнағым келмейді. Бұл өте ауыр тақырып біз үшін. Бірақ іштегі бітпейтін жарамен өмір сүрү де оңайға соғып тұрған жоқ. Мен өзімнің қайдан шыққанымды білгім келеді.

Шынымды айтсам, 2 адамның рөлін ойнап жүргендеймін бұл өмірде. Мені осы өмірге әкелген адамдарды сырттай бір көрсем екен бет-бейнесін деп армандаймын. Тіпті өзіңнің кімге ұқсағаныңды білудің өзі бір бақыт екен ғой деп қоямын. Бір күні мені іздеп келетін шығар деген үмітім де жоқ емес. Жәй ғана сіздермен сырласқым келді. Ащы тағдырым туралы ешкіммен де сырласа алмаймын. Іштей өзімді жеп қоямын. Өзімнің асыранды екенімді 1 минутта ұмытқан емеспін. Жылдан жылға бұл жарамен өмір сурудің өзі қиындап барады.

Алтын уақыттарыңызды бөліп оқығандарыңызға мың алғыс.

Аlashainasy.kz

Қызымның болашағы үшін бай кісінің көңілдесі болсам құдай да кешіретін шығар
Тоқал болғым келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу