Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Сәлеметсіздер ме қымбатты оқырман! Көп созбай бірден мәселеме көшейін. Мендегі мәселе мынау. Қайным сіңліме ғашық, екеуі бір-бірін жақсы көреді екен, кездесіп жүргендеріне 1 жылдай болып калған, ешбіреуіміз білмейміз ең өкініштісі. Кенже сіңілім болғандықтан бізге әлі бала секілді ғой. Қайным куйеуімнің әкесінің туған інісінің баласы. Яғни, менің күйеуім екеуі ағайынды адамдардың балалары.
Ендігі мәселе екеуі түсінесіздер ме, бүлдіріп қойған. Айтуға ауызым бармайды. Туған сіңлім өзіме келін мен оған абысын боламын егер олар үйленген жағдайда.
Сіңілім көтеріп қалыпты. Ол жасанды түсік жасатамын деп тулап отыр, жасы 21-де. Әзірге тұрмысқа шыға алмаймын, 3-4 жылдан кейін сол жігітке тұрмысқа шығамын дейді. Өзінше жұмысын істеп жүре тұрмақ.
Жігіт білмейді көтеріп қойғанын, оған айтпаймын дейді. Абортқа келіспей мен отырмын.
Бірақ қайын ағам құда бола ма, арамызда бұдан кейін қандай қатынас қалыптасады, қалай құдаласады мені сол ойландырады.
Бәрін қойшы, ата-анамызға қалай айтамыз, мұндайды қалай айтуға болады. Үлкендер жағы болса ақыл-кеңес жазсаныздар екен.
Қысқасы түсінген жандар болса кеңес беріңіздерші, не істерімді білмей жазып отырмын. Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан қалдым.
Аноним
Alashainasy.kz