Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Қайырлы күн баршаңызға! Мен өзімнен 7 жасқа үлкен жігітті жақсы көремін, бұрындары араласып жүрдік. Кейін неге екенін білмеймін арамыздағы хат - хабар үзілді. Ол кісі маған алыс құда бала болып келеді. Əлі үйленбеген. Өзім 22-демін.
Жазда туысқанымыз үйленіп, 2 тойда, 2 құдалықта болдық, сол кезде ол маған " Сәлеметсіз бе! " деп амандасып кетіп қалғантын. Ал менің жүрегім ол десе алып ұшады. Бәлкім мені қарындасындай көрер, əттең оның не ойлағанын білсем ғой. Сөйлесіп жүрген кезімізде ол маған "есеп" беретін, анда бардым, мында бардым, жұмыстан келдім деп т.б.
Кейін сөйлеспей кеткен соң, ойлаушы едім мына қаладан кетсем ол кісіні ұмытамын деп, бірақ олай емес одан бетер іздеймін, сағынамын, сөйлескім келеді. Ол кісіге деген сезімім одан сайын өршіп барады. Жұмыста отырсамда, үйге келсемде, қайда жүрсемде тек сол кісі ғана мына құрып кеткір санамнан шықпайды. Ол кісіні ұмыту үшін қанша оқталсамда шамам жетер емес.
Басқа жігіттер қауымымен сөйлескім келмейді, жүрегім ол кісіден басқасын қаламайды. Не істеймін мен? Не істей аламын? Жүрегім қатты ауырады, оны өзгеге де қиып бере алмаймын. Қашанға дейін жүрем осылай? Іштей өзімді жеймін... Жоқ әлде сезімімді өзім білдіруім керек пе?
Аноним
Аlashainasy.kz