Жасым 40-қа келгенде бір-ақ үйлендім. Қазір әйелімнің қылықтарынан қорқып жүрмін

Oinet.kz 25-07-2023 8328

Осыған дейін əне міне үйленемін деп жүріп қалдым. Жасым 40-қа жақындағанда үйлендім. Көбінесе өзімді төмен сезінемін. Менің мінезімнен де бар, жəне кездескен қыздарға ұнамайтынымда рас. 

Screenshot_22.jpg

Осыған дейін қанша талпынсам да, бейтаныс қыздардың алдында ынжықтанып қалам. Сөйлесудің өзінде білмей қалатынмын. Қатарларым ерте үйленіп үлгерді. Отырыс жиындарда бас қосып кездескенде, барлығы маған тиіседі. Неге үйленбейсің деп. 

Ол аздай, менен 10-15 жасы кішілерде сөйлейтін болды. Үйленсей жүре бергенше деп. Сол сөздер батып кетті. 

Биыл үйленгеніме 3 айдан асты. Менің қолымнан түк келмейтінін білген туыс тамырлар көмектесті. Жеңгемнің ұсынған мен секілді отырып қалған таныс қызын өзіме жар етіп алдым, 

Басында бір-біріміздің қателіктеріміз байқалмады. Осы екі аптаның ішінде əйелім қайдағы жоқ қылықтар жасайтын болды. Түннің бір уағында оянып қалсам. Əйелім ас бөлмеге кіріп алып май шамдарды жағып қойып, түсініксіз тілде бір нəрсе деп сыбырлағанын көрдім. Күндіз сұрасам ештеңе білмегендей жүреді. Мінезін айтатын болсам қойдай момын. Ешкімге зияны жоқ, артық сөйлемейтін. 

Одан кейінде байқағаным. Киімдерінің арасынан қағазға түсініксіз суреттер шимайланып салынған. Қызыл бояумен сызықтар жүргізілген. Жəне түсініксіз жазулар. Екі жасар балалың шимайлары секілді. Кейін білдім иврит тілінде жазылғанын, бірақ ешкім аудара алмады. Одан бетер түнде басқа дауыспен сөйлейді. Күндіз өзімен өзі отырып күледі. 

Тағы бір күні ұйықтағандай болып андығанмын. Шамалы ұйықтап орнынан тұрып ас бөлмеге қайта кірді. Сол уақытта көзіне бір бəле көрінгендей сөйлесе бастады. Кейін инемен саусағын тесіп шыны ыдысқа қанын тамызды. Еденге қызыл бояумен бес бұрыш салды. Шамамен бір сағаттан кейін барлығын орын орына қойып жинастырып ұйқыға қайта жөнелді. 

Осы қылықтары мені қатты мазалады. Əдейі ол ұйықтаған күтіп. Оның ұйықтап жатқанда сөйлегенін естідім. Түсініксіз тілде сөздер айтты. Осы жағдай əр апта сайын болды. Одан кейінде көшеден тауып алған кірпіні бауыздаған. Түсінуімше оның сеніміндегі діни рəсімі деп ойладым. Құрбандық шалған түрі шығар. 

Осы түсініксіз қылықтары үшін айғайлап ұрысқанымда. Қарсы шықпай жылап тұрды кешірім сұрап. "Дауыстар естіліп мені мазалайды" деп түсіндірді.

Қорқатын болдық. Алдағы уақытта көре жатармыз не болатынын.

Психолог Жарқанаттың хатынан

Келіннің ата-енесіне төсек салуы дұрыс па?
Күйеуім жұрттың әйелдері ештеңе болмай-ақ туып жатыр ғой дейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу