Сұлу болғаным үшін 25 жасыма дейін 2 рет ажырасып үлгердім

Oinet.kz 22-07-2023 1660

Үйде 4 қыз, үлкені мен. Əкемде, анамда ажарлы болғасын ба, бізде сондаймыз. Төртеумізде жігіттердің есінен тандыратындай жаратылысымыз сұлу. Осы сұлулығым маған үлкен кері əсерін алып келді. 

Screenshot_5.jpg

10 жасымда анам мен əкем ажырасып қайта қосылып жүретін. Анамның жақын құрбысы болатын, олардың үйіде өте жақын орналасқан. Бір жағынан жақын көршіміз. Анам жұмысқа кеткен күні, бізді өз құрбысына қалдырып кететін. Ол үйде жалғыз ұлы болатын, менен 6 жасқа үлкен. Есімі Кенжебек. Менің анам ол баланы өзінің бес сусағындай білетін. Өйткені өзінің құрбысының ұлын кішкентай кезінен білгесін, ол балаға толықтай сенетін. Анамның құрбысында жеке дүкені болатын. Жолдасы да сол дүкенде істейтін. 

Көшеге шықсам болды, көбінесе өзімен қатар немесе жасы үлкен жігіттердің көздерімен атып тесіліп қарайтын əдеттері маған ұнамайтын. Тұла бойым өз жасыма есейген қыз секілді болатын. Көрген жігіттердің көбісі сөзбен тиісетін. Сол себептен анам менің көшеде ойнауыма тыйым салып, құрбысының ұлына аманат ретінде тапсырғаны да содан. Одан тыс əкемнің ағайын інілеріне де сенбейтін анам. Олардың балалары да тиіскен кездері болған. 

Əкем анамның көзіне шөп салатын. Анамда ерегісіп ол қылықты кек алғандай болып қайталайтын. Арасы суып екеуі екі бөлек кетті. Əкемнің атындағы үй анама қалған жоқ. Тек алимент төлейтін. Анамда басқа біреуге тұрмысқа шығып, бізді өз құрбысына тастап кетіп, арасында келіп кететін. Ақшалай көмегін беріп бар қолынан келгенін жасайтын.

4 сынып оқып жүрген кез. Анамның қал жағдайын білу үшін барғанымда. Екінші күйеуімен қалай өмір сүргегің көргенде. Анамды қолдан келгенше түсіндім. Арасында анама барып тұратынмын. Сол жылы өгей əкем мені зорлағысы келіп арам ойын іске асыра алмады. Менде қорықпай қарсыластым. Өзі қисалаңдап əрең жүріп, ішімдікке сылқиа тойып алып, еденге құлағанда қашып құтылғанмын. Одан кейін анам өзі келіп кететін. Мен оны ешкімге айтпадым. 

Ал анамның құрбысының үйінде өз үйімдей еркін сезінетінмін. Есімі Мейрамгүл болатын.  Кішкентай кезімнен оларды білетінмін. Сіңілдерім үшінде алаң болмадым. Кенжебек қанша жерден үлкен болса да, ол менің айтқанымның барлығын орындайтын. Мектептен келісімен сабақ оқуға көмектесетін. Кейбір пəндерді соған орындатқызатынмын. Ол арсыздыққа бармақ түгіл, менің қолымнан ұстауға батылы бармайтын. Мен соны пайдаланып, қол астымдағы жүмыскер секілді қолданатынмын. Өз үйінде жүрседе, менің келгенімді естіп қатты қуанатын. Солай уақытта өте берді. 4 сыныпты аяқтадым. Анамның бір неше рет ажырасқанын естіп, мен қарадай қысылатынмын. Айтуға тілім бармасада, анам жүріс жүретін. 

Мен мойындаймын. Уақыт өткен сайын, анама деген жақындығым суи бастағанын сезіндім. Өйткені Мейрамгүл апайдың жағдайы бар, үйі кең, берекелі отбасы еді. 

5 сынып оқысамда. Менен 2-3 жас үлкен оқушы балалар хат жазып, ішкі сезімдерін білдіріп жататын. Сыйлық сыйласа да оларға көз қырымды салмайтынмын. Көбісі мені 5 шы сынып оқушысы дегенге сенбейтін. Сыртқы келбетім 7 ші сынып оқитын қызға ұқсайтын. 

Демалыс күндері зерігіп үйде отырып Кенжебектің мазасын алатынмын. Мен оған дөрекі сөйлесемде, ол ренжімейтін. Өз басым көп адамдарды басқарғанды ұнатқасынба. Кенжебекте менің айтқанымды орындайтын. Бір күні əдейі ренжігендей болып, оны жалындырған едім. "Мына үйден кетемін, айтқанымды орындамасан" дегенде. Оны толықтай өзіме бағындырдым. Сол кезде кішкентай болсамда, Кенжебек мені ұната бастағанын сезіктенгенмін.

Бойымдағы такапарлығымба, əлде өз сұлулығыма тым артық сеніп кеткенімбе. Білмеймін əйтеуір Кенжебек ұзақ уақыт бойы соңымнан қалмай жүрді. Оның сыртқы келбетіне бола мен оны мүлде ұнатпадым. Тек өз пайдама қарай пайдаландым. Ұйқымнан тұруға ерінген кезде де, Кенжебекті жұмсайтынмын. Аяқ киімімді де кигізіп беретін. Айтатын болсам оның мен үшін жасағаны өте көп. Оның басқа қыздарға деген сезімі де болмады. 

Солай жылдарда өтіп мектепті де бітірдім. Оқуыма түсіп жүргенде, басқа жігітті жолықтырдым.  Оқуымды аяқтаған жылы сол жігітке тұрмысқа шығатын болдым. Оны естіген Кенжебектің көңіл күйі түсіп, менің көзімше көз жасын төккен. Осыған дейін Кенжебектің жасаған ұсынысынан бас тартқанмын. Үйлену тойымызға да Кенжебек келіп, орнынан тұра алмағанша ішкені есімді. Одан кейін Кенжебекте үйленіп кетті. 

Қазір жасым 25 те. Оқу бітіргелі екі рет ажырасып үлгердім. Екеуінде де бала көтере алмадым. Менде жүрегімде толы өкініш. Ақылды қыз еркектің ойына қарайды. Ақылсыз қыз еркектің бойына қарайды дегендей. Мен ақылсыздығымнан қолда бардын қадырын білмедім. Менде бет жоқ ұяламын Кенжебекпен хабарласуға да. Таңдаған тазға жолығады деген осы. Кейбір кезде ойыма келеді. Кенжебектің екінші əйелі де болғым келеді. Бірақ біреудің бағына кедергі болғым келмейді.

Анамның тағдыры өз басымнан қайталған секілді.

Психолог Жарқанаттың хатынан

Күйеуім тура той үстінде тастап кетті
Алла маған осылай адал екенімді дәлелдеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу