Бұл өмірде дәл менің қайын атамдай ешкім жоқ

Oinet.kz 20-07-2023 3248

Тұрмыс құрғаныма 10 жылдан асып кетті. Ауылды жерде тұрамыз. Шамамен 100 ге жуық үйі және шағын мектебі бар. 

833576d3e792d348909680199123ea83.jpg

Мені негізі алып қашқан. Басында көнбедім, кейін үйреніп кеттім. Қазір бауыр басып қалғанмын. Жолдасым мал бағады, өзім болса балаларыма қараймын. Құдайдың берген 2 ұл, 1 қызы бар. Ауыл өмір тіршілігімен күн көреміз. Жолдасымның анасы қайтыс болған. Қайын атамен бірге тұрамыз. Жасы алпыстан асып жетпіске тақап қалған. Өзім болса мектеп бітіргелі оқуымды аяқтап тұрмысқа шыққанмын. Ешқандай жұмыс істемегенмін. 

Ауылды жерде қандай да бір мəселе туындаса. Баяғы менің қайын атама келеді. Өзі білмейтін нəрсесі жоқ. Бөлмесі кітапқа толы. Профессор десемде болады. Өйткені мені ауылда адамдар профессордың келіні деп атайды. Бұл өмірде ондай адамды əліде көрген емеспін. Жолдасым кешкісін шаршап келсе, əкесі көп сөйлеп кетсе болды. Жолдасымның айтар сөзі, "əкемен сөйлесші, менің миымды ашытып жіберді" деп қаша жөнеледі. 

Баяғы мен сөйлеген сөзін бөлмей тыңдағанды ұнататын. Кез келген тақырыптың басын бастап берсем болды, ары қарай сол тақырыпта соңына дейін талқылап береді. 

Осыған дейін балаларым ауырып қалса болды. Қайын атам қолдан келгенше емін жүргізетін. Іш қатса немесе ұйықтамай мазасызданса балаларыма көп көмегін тигізетін. 

Білікті маман бола тұра, мен оған қалада өмір сүруді ұсынған кезде бас тартқан еді. 

Көрші ауылдың тұрғындарының өзі ол кісіні біліп алған. Өзі инеменде емдеу тəсілін меңгерген, сынықшы, отбасы мəселесінде біледі, шөп дəрілерді қолдан жасайтын, əрі мал дəрігері. Оның білетін айтатын болсам көп. 

Күнделікті ас əзірлеумен үй шаруашылығынан қолым босамайды. Балаларымның сабағына да қайын атам көмектесіп отырады. 

Қазіргі кезде профессордың үздік шəкіртімін десемде болады. Бұрын ол кісінің сөздерін түсінбейтінмін. Қазір естімеген нəрселер қалмады. Соңғы кезде мына сөздің мəн мағынасын түсіндім.Ми тамыларының нейрон жүйесін қосу арқылы көп деген жетістікке қол жеткізуге болатынын. Яғни ағзадағы кез келген дерттенде арылуға болатынын. Ары қарай айтпасамда болады. 

Соңғы кездері дəріхана дегенге сүйенбейтін болдық. Жолдасым да бұрын алкоголь ұрыттайтын еді. Оны да қайын атам қойдыртты. Білдіртпей ішімдігіне түсініксіз бір дəріні қосып берді. Екі күндей қызуы көтеріліп, одан кейін мүлде жоламайды. Бірақ қораның артында тығылып энергетикалық сусынды ішкен кезде де лекция оқыған ұлына. 

Қазіргі кезде балаларым тəттіден бас тартқан. Əсіресе құрамында қант қосылғандардан. Табиғи тəттілерді айтпағанда. 

Сіздерден кешірім сұраймын, жазғаным түсініксіз болса. Жалпы айтқым келгені. Біреу тойып секіреді, біреуі тонып секіреді. Қазіргі уақытта бізге қауіп əкелетін ол зиянды тағамдар. Соның салдарынан адамдар өте ашуланшақ жəне сабырсыз. Көбісінің жүйке жүйесі тозған. 

Жарқанаттың хатынан

Бар жылуды анамнан емес, кедей нағашымнан көрдім
Өгей ағам мені зорлаған көршінің ұлын итке талатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу