Балаларым мені сыйламайды, «ешак, тупой» деп сөйлейді

Oinet.kz 13-07-2023 2111

Өзіңді сыйламайтын ер азаматпен өміріңді қор қылу дұрыс па? Ортада 2 баламыз бар. Сол балаларымның көзінше боқтай, ұрады, зекіп сөйлейді. 3-те, 4-тегі балаларым да мені сыйламайды. Ұрады. "Ешак, тупой" деп сөйлейді.

Screenshot_3.jpg

Оларды ұрсам, одан бетер бақырып жылайды. Шаршап кеттім бәрінен. Балалардың да психикасын құрттым. Үйдің берекесі кетті. Күнде ұрыс-керіс. Таң намазым да қайта-қайта қаза болып жүр. Шаршап ұйықтап қала берем. Күйеуім жолы болмай қалса болды, мені келіп тоқпақтайды. Мен бәріне жағам деп ауру болдым. Әсіресе күйеуіме. Қазір орнымнан оқыс тұрсам, құлап қала беретін болдым. 7 жыл болды өзгерер деп үміттеніп жүргеніме. Бәріне өзім жүгірем. Күйеуім сияқты агрессивный, мазасыз болып кеттім. Әбіржіп, азып, қап-қара болып кеттім. Айнаға қарағым келмейді. Жек көрем өзімді.

Ажырассам балаларымды әкесіз қалдырдым деп кінәлаймын өзімді. Ажыраспасам да сол балалардың психикасын бұздым ғой деп кінәлі сезінемін. Сонда не істеуім керек? Күйеуімнің саудасы болмай қалса да мен кінәлі болып шығамын. Арамыз суып кетті. Бөлек жатамыз. Төсекте ғана керекпін.

Достарының да көзінше ұрып, ұрсып қадірімді кетіріп бітті. Күйеуімнен шаршап кеттім, қыздар....

Намазға келсем, шатасам ба деп қорқамын
Жездемнен әрең қашып құтылғанымды әпкеме қалай айтамын?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу