Кеш үйленген психолог жігіттің ажырасуға қатысты кеңестері таң қалдырды

Oinet.kz 11-07-2023 1084

Барлықтарыңа қайырлы күн. Есімім Жарқанат. Астана қаласынан боламын. Жасым отыздан асқан отбасы құрған ер азаматпын. Бұрын психология бағытында жұмыс істеген едім. Отбасы мəселесі жəне суицид бағытында. 

Screenshot_1.jpg

Сіздермен өз тəжірибемен бөлісе кетейін деп жазып отырмын. Елімізде соңғы жылдары ажырасу жиі кездеседі. Ажырасуға апарар себептерде көп жəне көп адамдар оңай жол деп ажырасуды таңдайды. 

Көбінесе кедейшілік пен таршылық деп айтатын болсақ, жағдайы бар адамдарда жиі ажырасады. Бір-біріне сүйіп қосылыпта ажырасып жүргендерде бар. Бастарына бір қиындық түссе де ашуға беріліп ажырасуға бел буып шешім қабылдайды. Күйеуінің тапқанын аз көріп əйелі миын ашытқананда болады. Ең сорақысы. Ер адам күнə істеген кезде əйелінен сөз естіп жəне көлігінен зардап шегеді. 

Еркек ішімдікке салынғаннан ажырасу жағдайлары жиі кездеседі. Құмар ойындарға беріліп үйдің берекесін қаштыртуда ажырасуға əкеліп соғады. Ер адамдар сақ болыңыздар. 

Еркек пен əйелдің бір бірінің алдында міндеті бар. Ерлі-зайыптылар мәселені өздері арасында шешкені жөн. Қайын жұрт пен өз ағайын туысқандар кіріспеу қажет. 

Еркек арсыздық пен ауыр күнəлардан алыс болса әйелінің алдында абыройы болады. 

Өз басым өте кедей болдым. Кеш үйлендім 27 жасымда. Бар қолымнан келетіні дұға жасадым. "Иманды жар нəсіп етші" деп. 

Тілегенің алдынан, іздемейақ табылар. Ең бірінші өз-өзімді дұрыстау мен болдым. Кейін кездескендерде көп болды. Менің кедей жағдайыма қарамай келіскендерде көп болды. 

Əйтеуір сүймей қосылсамда, өмірі түрін көрмеген бетпе бет жүздеспеген біреуге үйлендім. Олда сол иманды жар іздегендердің бірі еді. Шамалы уақыт телефон арқылы сөйлесіп, бір кездескенен үйленіп кеттік. 

Өзімді керемет деп мақтамаймын. Бірақ қолдан келгенше мына нəрселерден аулақ болсам. Отбасым тыныш болғанын аңғардым.

1) пайыз өсім кредит депозит соларға мүлде жоламау.

2) бөтен əйелдерден сақ болу. Яғни зинаға жоламау. 

3) ішімдікті ұрыттамау.

4) əйеліңнің төсек ақысын беру. 

5) көркем мəміледе болу. Соның бірі əзілдесу. 

6) жеке отырып уақыт бөлу. Кемінде айына 1-2 рет болсын әйеліңмен серуендеу.  

Өз басым мүлде қол көтермеймін. Басында ақылмен айтамын. Кейін ашуымды көрсетемін тыңдамаған жағдайды. Əйелді ұру арқылы біз мүлде тыңдатқыза алмаймыз. Олар қисық сүйектен жаратылған сынып қалуы мүмкін. 

Бүкіл əйелдің қисық мінездері болады. 

Ортамен жүргізу. Мысалы кейбір еркектер өздері шешім қабылдау білмегесін әйелдері өзі шешім қабылдап билікті өз қолына алады. Олай дұрыс емес.

Немесе өте қатты артық кету. Кейбір еркектер əйелдерін ұрып соғады. Ол да дұрыс емес. Əйел ол Аллаһтың берген аманаты. 

Жəне тағы айтарым. Қазіргі кезде өз атын шығару үшін психолог сымақтар, əлі мүлде отбасы құрмаған, бала сүймегендер ақылын айтады. Бірақ еш нəтиже жоқ.

УЗИ-де қыз дегенде дәрі ішіп түсіріп тастағым келді
«Пышақ тақап, мені қорқытты»: Екі қызға үйленген жігіттің әйелі бар шындықты айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу