Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Танымал журналист Гүлмира Әбіқай оқырман хатымен бөлісіп, онда жас келіншектің күйеуі имам әрі жас қызбен жүретінін мәлім етті. Тележүргізуші келіншекке қандай кеңес бересіздер деп көптің кеңесіне жүгінді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа-порталына сілтеме жасап.
Айтуынша молда күйеуі әйеліне шариғат жолымен тоқал алуды сұрайтын көрінеді.
«Өтім жарылып барады деп жазған мына келіншектің хатына бей-жай қарай алмадым. Ақыл айтыңызшы дейді. Не ақыл айтуға болады, тоқетер кеңесті сіздер айтарсыздар?
"Гүлмира апай! Сəлеметсіз бе! Отбасын бұзатын мынандай қатындарға қандай заң бар? Менің жолдасыммен түнделетіп кафеде қыдыратын , Менің кішкентайым ауырып өзім əбіржіп жүрсем.
Молда байым жас қызбен көңіл көтеріп жүр. Өтім жарылып жылап отырмын. Иə. Менің жолдасым имам жүзді - молда. Бар айтатын сөзі тоқал. Тоқал алу. Шариғат бойынша қатыннан рұқсат сұрауға болмайды екен, деп білгенін істеп жүре беретініне ашуым келеді. Кеше кешіккен соң видиозвонокпен звондап едім. Байқамай трубка көтерді. Сонда көрдім қасында қыз отырғанын. Кафеде көңіл көтеріп, күліп мəз болып отыр.
Ол қыз да отбасылы еркекпен көңіл көтеріп отыра бергеніне таң қалып отырмын. Ұйып отырған отбасын құртып. Бойдақ жігіт қалмағандай. Ана қыздың фотосы да бар бірге түскен. Кəдімгі қарапайым ғана өз-өзін күтіп қалған əйел".
Біздің қоғамның ең осал тұсы - əйел адамының еш бір бағаланбайтыны. Кім жаман, əйелі жаман. Кім кінəлі, əйелі кінəлі. Туасың, оны өзің асырайсың, өзің тəрбиелейсің. Ал еркектер өз білгенімен жүре береді. Үйден қашып сыртта көңіл көтеріп. Ақыл қосыңызшы, не істеймін?», - деген жазбамен бөлісті ол.