Абысыным қайын ағамның көзіне шөп салып жүр

Oinet.kz 11-06-2023 4171

Тұрмыс құрғаныма бір жыл енді толады. Күйеуім отбасының кенжесі. Алдында өзінен он жасқа үлкен бауыры бар. Абысыным екеуінің бір ұл бір қызы бар. Ата-енем біз үйленген жылы еншісін беріп, бөлек шығарған. Қайын ағам жеке кәсіпкер. Сол себепті жұмыс барысымен өзге қалаларға жиі іс-сапармен барып тұрады.

Screenshot_8.jpg

Бір күні қайын ағамның үйде жоқтығын пайдаланып, абысыныма кіріп шығуды жөн көрдім. Өзімше шүйіркелесіп сөйлеспек болдым. Оған хабарласып, үйінің маңайында келе жатқанымды айттым. Ол сасқалақтап, “әрине, кел, күтемін” деді.

Көп ұзамай үйлеріне жетіп, қоңырауын бастым. Кешкілік уақыт болса да абысыным ұйқыдан жаңа тұрғандай болып көрінді. Десе де оған мән бермедім. Ас үйге кірсем, абысыным шайын қойып, дастарханын жайып қойыпты. Балаларды ата-анасының үйіне апарып тастап, күні бойы өзі жалғыз демалған екен.

Екеуіміз үстел басында сөйлесіп отырғанда ол телефонына жалтақтап, қарай берді. Оған да мән бермеуге тырыстым. Бір кезде абысыным жуынатын бөлмеге кіріп кеткенде, үстел үстіндегі ұялы телефонына “Сенімен өткен әрбір түн маған қымбат. Бүгінгі күн үшін рақмет, жаным” деген смс келді. Әлгі сөзді оқып, аң-таң болдым. Тіпті, біреудің хатын оқып қойғаным үшін арым да мазаламады.

Смс-ті жазып отырған қайын ағам емес екені анық. Бүгін күні бойы жалғыз болдым деген абысынымның сөзі де жалған болып тұр. Оның не жасырып жүргенін білмеймін. Бірақ бұл оқиғаны жұбайыма айтсам ба екен деймін. Абысынымның отбасын бұзғым келмесе де, аузын ашса, жүрегі көрінетін, жаны жайсаң қайын ағамды бұлай мазақ етуіне жол бергім келмейді!

syrlasu.kz

Келінім бетін бояп отырғаннан басқа түк бітірмейді
Бұрынғы жігітімнің обалына қалдым ба деп қорқамын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу