Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Алматыда ер адам бұрынғы азаматтық жұбайын ұрып-соғып, ұсталғаннан кейін полиция қызметкерлерін де балағаттап, қол көтерген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігі не сілтеме жасап.
Ер адам алдымен бұрынғы жұбайын тұншықтырып, содан кейін оны соққыға жыққан. Жақын жерде болған куәгерлер әйелге араша түсіп, полиция шақырды. Агрессивті ер адам ұсталған кезде полицейді ұрып-соқты.
NeMolchi.kz каналында оқиға Түрксіб ауданында болғаны айтылды.
"Көру қабілеті бойынша бірінші топтағы мүгедек ер адам әйелді ұрып тастаған. Олардың ортақ баласы бар екен. Бұл жағдай бір жылдан астам уақытқа созылды.Үйін, көлігін өртеп, түрлі қастандық жасаған, аңдыған”, – деп мәлімдеді.
Олардың айтуынша, құқық қорғау органдары ештеңе істей алмайды. Себебі ер адамның мүгедектігі бар.
“Әйел одан қашу үшін тұрғылықты жерін үнемі өзгертіп отыруға мәжбүр. Ол біраз уақыт дағдарыс орталығында тұрды. Ал бұл қаскөй Ресей азаматы, оның тіпті азаматтығы жоқ", – делінген видеода.