Байдан қайтқан қатынды алып нем бар еді?

Oinet.kz 04-06-2023 5310

Саламатсыздар ма! Өз оқиғаммен бөлісіп, шамалы келіншектерден кеңес сұрайын деп едім. Өзім тұрмыстамын. Жолдасым екеуміз жиі ұрысып қала береміз. Енемнің де мінезі ауыр адам. 

Screenshot_5.jpg

Жолдасыма "Ана қатын..." деп үнемі бірдеңелерді оттап жазып отырады. Бір рет ұрысып қалғанымызда "Сені алғаныма өкініп отырмын" деді. Екінші рет ұрысқанымызда, енемнің құрбысының қызы бар екен "соны ал деп айттым ғой саған. Көріп, біліп алушы ең" деді тағы. Мені адам екен-ау деп тұрмаса да, үндемедім. Кейін жолдасым екеуміздің арақатынасымыз мүлде дұрыс болмай кетті. Қанша рет ішіп алып, ұрып, көзімді көгертті. Сол фингалмен жұмысқа барған кездерім бар.  Мектепте мұғалім болып істеймін, ұялғаннан жерге кірерге есік таппай қалдым.

Мұнымен қоймай туғандарыма тіл тигізіп, "Кедейсің сен! Әпкелерің бұзылған"ғ, - деп аузына келіп айтады. Оған да үндемей көндім.

Жақында көтеріп, түсік тастап қойдым. Ол кезде қолдау білдіріп, сабыр сақтап, жап-жақсы жүрген еді. Бір-екі күн бұрын тағы ұрысып қалдық. Сол кезде "Екеуміздің балаыз болмағаны жақсы болды. Әйтпесе, сен мал болып кететін едің. Сол баланы секеңдеп, дәрі ішіп, өзің өлтірген шығарсың", - деді. Қагшама жыл күткен бақытым еді - сол бала. Бұйырмады. Сөздері қатты батты жаныма.

Оның үстіне мен бұрын тұрмыста болғанмын. Оны күйеуімнен жасырғам жоқ. Соны бетіме басып "Байдан қайтқан қатынды алып нем бар еді? Сау басыма сақина тілеп",- деді. Бәріне шыдасам да, соңғы сөздеріне шыдйа алмадым. Жаным ауырды, өте қатты тиді. "Енді сенімен тұрмаймын",- деп киімдерімді жинап кетіп қалдым. Бірақ екеуміздің де үйіміздегілер бұл жағдайды білмейді. Мені жай қыдырып келді деп ойлап жүр. Енді не істерімді білмей басым қатып отыр. Үйдегілерге бәрін айтып ажырассам ба, қайтып барсам бе екен?

Жұрттар мен жігіт жоқ болғандықтан тұрмысқа шықпай жүр деп ойлайды (Кәрі қыздың әңгімесі)
Бай жігіттен бас тартып кедей жігітке тұрмысқа шықтым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу