Қалталы жігіт мені қызыммен бірге аламын дейді. Бірақ оған өзімді қимаймын

Oinet.kz 29-05-2023 6051

8 ші сынып оқып жүрген кезде əкем өмірден озды. Ауыр дерттен зардап шегіп жүр еді. 

Screenshot_25.jpg

Үйде жалғыз қызбын. Анам дүкенде сатушы. Əлі күнге дейін пəтер жалдап тұрамыз. Анамның тапқан табысы пəтер ақысы мен азық-түліктен артылмайтын. Демалыс күндері қосымша жұмыстарға шығатынмын. Өзіме керек жарағымды алу үшін. Таршылықтың себебінен мектеп бітіргенен кейін ешқандай оқуға түспедім. Сол жылы мені өзімнен 4  жасқа үлкен жігіт алып қашты. Мен амалсыздан көндім.

Кейін анама хабарын жеткізгенен біз үлкен той жасамадық. Кішігірім етіп өткіздік. 

Содан кейін пəтерді бірігіп жалдадық. Өйткені үлкен қалада көбісінде жеке пəтері жоқ. Жолдасымныңда жағдайы да керемет деп айта алмаймын. Оқыған оқуы дәнекерлеуші. 

Алланың қалауымен сол жылы көтердім. Бірақ оған қарамастан менде қарап отырмай анамның қасына сатушы болып орналастым. 5 ай жұмысқа шығып кейін үйде отырдым ішім қампиа бастағасын. Анамда жастайынан бейнет көріп денсаулығы нашарлаған. Жұмысқа берілгенен денсаулығына да дер кезінде қарамаған. 

Қызымды аман есен босанып үйде ары қарай отырдым. Анам арасында ауруханада емделумен жүріп қалды. Бір күні анамда үлкен дерт пайда болғанын білдім. Өмір сүруіне санаулы күндер қалғанын да білдім. Жолдасым қолдан келгенше тапқан табасын жетізуге тырысатын. Бірақ анам үшін ешқандай ем көмектеспеді. Қызым 1 жасқа келгенде анам дүниеден озды. 

Отау құрғанымызға бір жылдан асты, екінші жылға кетті. Жолдасымның бойында кейбір өзгерістер байқала бастады. Жұмыстан келсе ауызынан ішімдіктік иісіде байқалатын. Осыған дейін мен оның ішіп жүргенінде көрмейтінмін. Өмірі мінез көрсетпеген жолдасымнан ашуланшақ мінездері байқалып, анамның қырқын өткізгеннен кейін мінез көрсетуін бастады. Одан кейінде үйде ұрыс шығару үшін тырнақ астынан кір іздейтін. Мен аса қатты мəн бермедім. Қолдан келгенше отбасымыз үшін кешірімді болуға тырыстым. 

Бірақ соңғы уақыттарда оның ішімдікке тойып келу əдеті қайталана берді. Телефонынан бөтен қыздармен сөйлесіп жүргенін де оқып қойдым. Келесі күні менім жұмсақ мінезімді пайдаланып ештеңе болмағандай жүреді. 

Оның ішімдігі үшін ештеңе демедім жəне оның басқа біреумен сөйлескені үшінде мінезімді көрсетпедім. Ол соны көріп басынатын. Одан бетер маған қол көтеруін бастады. 

Жасым 20 ға енді толған кезім еді, қызым бір жасқа келді. Жолдасымнан "Неге ішесің" деп сұрағанда. "Осы өмірден шаршадым" деп сылтуын айтатын. 

Отбасымыз үшін көз жасымды төгіп жалынып өтінгенде күндер болды. Ол мас күйінде "аузыңды жапшы" деп ұйықтауға кететін. Соңғы күндері маған уақыт бөлуді де қойды. Мен амалсыздан барар жерім болмағасын шыдауға тура келді. Жаратылысымнан əйел болғасын еркектің жылуын іздейтін болдым. 

22 жасыма дейін менім шыдамымда таусылды. Ол ойына келгегінде жасайтын. Бөтен əйелдермен сөйлесуін тоқтатпайтын. Менім көңіліме ол түкіргендей болды. Соңғы уақыттарда мені аяусыз ұрғасын, менде оған қарсыласатын болдым. Арамызда төсек қатынасы да сирек болатын. 

Қолдан келгенімді жасадым. Обалы жоқ жолдасым үйге тек ақша əкелетін. Сол үшін үйде отырдым қызыма үш жасқа дейін қарап. 

Мойындаймын тұрмыс құрып, əйел болғасын көшедегі бөтен жігіттерге де көзім түсіп кететін болды. Бірақ мен үшін ар ұят бірінші орында. Ондай арсыздықты ойламауға да тырыстым қанша жерден табиғатым қалап тұрсада. 

Сол жылы қызымды алып үйден кетіп қалдым. Туған бауырламды жоқ, туыстарымда жоқ. Астана қаласына бірден бет бұрып поездға отырдым. Осы жоспарымды жолдасым үйде жоқта ойластырған едім бір апта бұрын. Қолымнан келе ме, келмей ме, кез келген жұмыста қарастырған едім. Хабарландыру арқылы үйдің ішкі құрылыс бағытында жұмысқа орналастым (ремонт под ключ). Қоныстанатын жеріде тегін болғасын осы жұмысты таңдадым. Жəне қасымдағы жұмыскерлерде 5-6 əйелдер болатын. Басында қиын көрінетін екі айда үйреніп алдым. Қай үйге ремонт жасасақ, сол үйде қоныстанамыз. Қызымды қасыма алып жүруге тура келді. Ай сайынғы жалақымызда жақсы болды. 300-400 мың теңге көлемінде. Неғұрлым тез аяқтап тапсырсақ пəтерді, соғұрлым қолға ақша тез түседі. Ақша жүрген жерде ұрыс керісте болады. Жарты жылдың ішінде толық меңгерген мен, ақща жинап арзандау жатақхана жалдадым. Қасымдағы адамдардан бөлек кетіп, сенімді 2 жұмыскер əйелдермен бөлек жұмысымызды жалғастырдық. Жолдасым да мені іздеуге шамасы болмады. 

Солай бізге қалталы азаматтар жолықты. Апалы інілі болған бір үйде туып өскен. Олар пəтерді сатып алып, ішкі құрылысын бізге жасатып крыша кз арқылы сататын үстіне ақша қосып. 

Біздің үстімізден қарайтын əйел көп болса жасы отыз шамасында еді. Інісі де сол маңайда 27-28 жасар. Олар қолдан келгенше азық-түлігімізді əкеліп беретін. Ол үшінде ақшамызды қысқартпайтын. Астындағы көліктері де арзан көрінбейтін. Екеуінің бас қосып ұйымшылдығын көргенде мен таң қалатынмын. Бізге өте кішіпейіл болатын. 

Қызым 4 жасқа толды. Мен болса алдағы уақытты ойлаумен алаң болдым. Қызыма жақсы тəрбие берсем, мектепке барса қатарынан кем болмасын деген. 

Анау қалталы азаматтар олардың есімдері әпкесі Мерей інісі Рақым еді. Олармен бір туысқандай ашық түрде сөйлесетінбіз. Қолдарынан келгенше жасайтын қарамағындағы үш жұмыскер əйелге. Қызымды қасыма ертіп жүргенімді көріп олар оған ештеңе демейтін. Менде уақыт болмады бала бақшадан қызымды апарып əкелуге.

Енді соңғы уақыттарда Рақым деген бастығымыз көз қырын салып, жақын араласуға тырысады менімен. Жасы 25-те. Ол менім жағдайымды қасымдағы əйелдерден білді. Мен əрі ойланамын, бері ойланамын. Осыған дейін күйемнен қорлық көргесін сене бермеймін. Бірақ еркекті көрсем шамалы қиялданып кететін əдетім бар. Жаратылысымыз еркектің жылы құшағын аңсаймыз. Жəне қызымның да əкеліп мейірім көріп өскенін қалаймын. 

Рақым күнделікті бізді тексеріп кетеді. Жəне қасыма келіп əңгімелесіп қал жағдайымды сұрайды. Бір екі рет ұсыныста жасады. Мен бас тарттым. Бірақ ол əлі күнге дейін жақсы араласады менімен. Не істесем болады? 

Қазір жасым 23 те. Өмір бойы бұлай жүргім келмейді.

Жарқанаттың шығармашылығынан

Еркектің энергиясын жинап алдым ба?
Құрбым некесіз бала көтеріп қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу