Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Менің жолдасым, 3 балам бар. Күйеуіме жаным ашиды. Кредит деп, үй деп жарғақ құлағы жастыққа тимейді. Өзім бала-шағаның кір-қоңын жуып, тамақтарын жасап отырғаннан басқаға үлгермеймін.
Сол күйеуіме көмектесіп, бір жағына шығыссам ба деп ем. Тоқетері, суррогат ана болып көрсем бе деймін. Бұл күнә емес шығар? Қанымыз таза, текті жерден шыққан қызбын. Бірақ, туған соң ақшасын бермей алдап кететіндер көп деп те естіп жатырмын. Не істерімді білмей жүрмін.