Семіздігі үшін сыныптас ұлдардан қорлық, буллинг көрген қыздың жан айқайы

Oinet.kz 24-06-2023 2673

Мен өзім түрім ұсқынсыз қыз болып туылғанмын. Араласатын жақын құрбыларымда аз. Мені көбісі түрімді шошқаға ұқсатады. Үйде 3 ағам бар. Олардың өзіде мені кейбір кезде мазақ қылады. 

Screenshot_16.jpg

Бірақ жақын араласатын екі құрбым бар олар ғана менім түріме қарамай араласатын. Олардың сыртқы келбетіне қарап қызығамын, түрлері боянбаса да барби секілді туа біткен сұлу. Мен көпшілік арасында көзге түсіп қаламын. Жəне олар мен жоқта мен туралы айтады: "күлген кезде түрі хайуан секілді" деп. Мен ол сөздерге үйреніп қалдым. Сыныпта екі үш бұзақы ұлдар бар, солар барлығын күлдірту үшін маған "цирк уродов" немесе "фунтик", "человек слон", "инопланетянин" деп келекі қылатын. Өзім ұлтым орыс жəне мектепте де көбісі орыстар.

"Қарға сүйер баласын аппағым" деген. Əке шемем ғана мені еркелететін. Өмірімде тек бір рет жігітпен жақын араластым. Оның өзіде ол достарымен бəстесу үшін бір ай менімен жақын сөйлескен. Кейін түсіндім. Тамақ ішкенде дыбыс шығармауға қанша тырыссам дашамалы қорсылдаған дауыстар шығып кететін, сол үшінде мектеп асханасында ешкім менімен бір дастарханда отырғысы келмейтін. Сыныпта өзім жалғыз отырамын. Сабақ айтуға тақтаға шықсам болды, отырған оқушылар мұғалімге білдірмей маған шошқаның суретін көрсетеді. 

Бір кездері шектен шығып тиіскендер де болды. Сөмкемді екі-үш бала маған бір-біріне лақтырып, қорсылдашы сенің дауысың əдемі деп мазақ қылды. Мені сол күні қатты жылаған едім.  

Менде құрбыларым секілді ел қатарлы жігітпен жүргім келетін. Бір күні үйде отырған кезде құрбыларым келді. Отырдық əңгімелестік. Сол кезде мен оларға жалынған едім. "Мектепте жаңа жыл қарсаңында карнавалда бірге билеу үшін бір жігіт тауып беріңдерші" деп. Олар менім өтінішімді орындады. Онысына да риза болдым. Олар қайда барсада мені қалдырмайтын. Солай мектептіде бітіруге бір жылдай қалды. 

11 ші сыныпта жаңадан оқушы ұл бала келді. Мұғалімнің айтуымен ол менім қасымда отыратын болды. Ол бала сыныпта қасымда отыратын, түрі кəрістерге көбірек ұқсайтын. Бір апта бойы мен ол баламен сөйлеспедім. Бірақ өзі менің түріме мəн бермей, дәптер, қарындаш сұрап тұрады. Енді ұл болғанан кейін кейбір заттарын үйінде ұмытып кетеді. Мен сол кезде ер азаматтың жылуын сезгендей болдым. Білмеймін бəлкім өмірі жігітпен жақын араласпаған болар. Сол кезде батылдығым оянып достасайық деген ұсыныс жасадым. Ол маған күліп қарап "иə" деген кезде өзімді корей дорамасындағы басты рөлдегі кейіпкер сезініп қалдым. Əрине армандаған зиян болмас. Əйтеуір жасөспірім қыздың қиялы сол ғой. Бүкіл қыз солай ойлайды деп ойлаймын, қасында жылы шуақ шашатын сенімді жігіті болса екен деп. 

Мен сол жылдары өзгеруге тырыстым. Өз көлеңкемнен қорыққандай өз түріме мəн бермей ашылып араласуды бойыма сіңірдім. Жалпы ол жігітке де айтар рахметім көп. Қуыршаққа ұқсаған құрбыларыма да ризамын. 11 ші сынып бітіргенен кейінде олармен араласамын. Алдағы уақытта тұрмыс құрып отбасылы болсам деп армандаймын. 

Аудармасын жазған

Kouga Ryu facebook парақшасы

Туған қызыма анасы екенімді айта алмай жүрмін
Оған мен секілді сүмірейіп қалған жігіттер ұнайды екен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу