Енем мен күйеуім мені банкомат көреді

Oinet.kz 15-06-2023 1775

Тұрмыс құрғаныма 6 жыл болды. Жұмыс істеймін. Күйеуімнің де жұмысы бар, бірақ айлығы кредитінен артылмайды. Балалардың киімі, тамағы, балабақшасы бәрі менің мойнымда.

Screenshot_2.jpg

Күйеуім кержалқау. Табысымды көбейтейін, амалын қарастырайын демейді. Достарымен қыдыратын кезде ақшаны менен алып кетеді. Бермесіме болмайды. Кейде жоқ боп қалғанда, достарына мені жамандап отырады екен. "Менің арқамда адам боп отыр, менен ақшасын аяйды" деп. Енем де үнемі ақша сұрай береді. Ұлынан емес, менен сұрап отырады. Соңғы рет ақша сұрағанында бермей қойып едім, күллі жұртқа мені өсектеп, түркілеп тиісуін қояр емес. Менің көзімше айдаладағы біреулердің келінін айналып-толғанып мақтап, салыстырып отырады. Осы енем мен күйеуім мені банкомат көреді ғой деймін, ақшасы таусылмайтын. Абыройым қалмады. Не істерімді білмей, басым қатып жүр. Бәрін тастап кете салсам ба екен?

Өгей ағам мені көрген сайын кезіндегі қорлығы үшін кешірім сұрайды
Қазақтың ырымының кесірінен көгілдір болып кете жаздадым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу