Жабайы қайынсіңлім шаршатты

Oinet.kz 13-06-2023 4364

Мендегі проблема - қайын сіңлі. Күйеуім екеуміз бөлек тұрамыз. Мен жүктімін, декретте отырмын. Сондықтан күйеуім жалғыз өзі ақша табады. 

Screenshot_22.jpg

5 кредитіміз, пәтер ақшасы, ком.услуга, азық-түлік бәрі соның мойнында. Ұзын сөздің қысқасы жақында босанамын, соған күйеуім ақша жинап жатыр. Ал жинаған ақшасын жабайы бауырлары ақша сұрап алып қоя береді. Е қайтаруды білмейді. Күйеуім өте ақкөңіл, "жоқ" деуді білмейді. Ақшаны өзімізге қимай жинап жүргенімізді көргесін ұялса болады ғой сәл... Күйеуімнің де, менің де біркиер тәуір киіміміз қалмапты тіпті. Қарындасы университетте оқиды. Күнде 5000-10000 сұрап отырады. Ата-енеміз жас, әлі зейнетке шыққан жоқ. Атамыздың табысы жап-жақсы ғой. Неге солардан сұрамайтынын түсінбеймін. Күйеуімнің бойдақ інілері бар, олар да жұмыс істейді. Жұмыс істеп жүрсе де олар да кейде ақша сұрайды. 

Біз жүріп жүрген кезде қайынсіңлім ағасынан күнара 20-30 мыңдап ақша алатын, үйленіп отау болғанын көргесін, ұялса болады ғой. Өзіміз күннен күнге аш ішек жетіп жүргенімізді көріп тұрып неге масыл болады түсінбеймін. Әлде әдейі істей ме? 

Не істеуге болады? Әлде қайынсіңліме бірауыз жай сөзбен айтып көрейін бе "бізді де түсін, өзіміз қиналып жүрміз, қаражаяу қыз емессің ғой. Әкеңнен сұрашы" деп? 

Енем жүкті кезімде де жер-жебіріме жетіп болды
12 жасқа дейін қорлық көргесін жазықсыз жандарды түсінемін, зорлық-зомбылықты тоқтатқым келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу