Қайынсіңлілерім киім-кешегімді сұраусыз киіп тоздырып тастайды

Oinet.kz 11-06-2023 3277

Жасым жиырма бірде. Келін болғаныма 3 жыл болды. Ортамызда әлі бала жоқ. Дәрігерлерге қаралып көрдік, кінәрат күйеуіме болып шықты. Бірақ қайын жұртым түгел айыпты менен көреді. "Бедеу" деп тілдеп отырады. Оның үстіне менің 2 енем, 2 қайын атам бар.

Screenshot_6.jpg

Түскен үйімнің кіріс табысы жаман емес, тек ақшасында береке жоқ па бірдеңе. Үйде мүлде жағдай жасалмаған. Жылда әктеп шығамын. Күнде на жабамын қара күйелеш болып. 3 сиыр сауамын. Тіпті сонша адамның кірін әлі күнге дейін пол.автоматпен жуып жүрмін. Үйге келетін қонақтың есебі жоқ. Күнде ет асамын. Ертең жерміз деп, турап қойған нарынды ешкім ішпейді, бекерге ит жейді. Обал, сауап, ысырап дегенді білмейтін отбасы. Жүре-жүре менің де етім үйреніп кете ме деп қорқамын.

Сосын бір емес үш қайынсіңлім бар. Үшеуі үш жағыма шығысып, "жеңгелеп" жүрудің орнына менімен жауласып әлек болады. Менің киім-кешегімді, косметикамды, аяқ киімдерімді тіпті гигиеналық заттарымды рұқсатсыз алып, қолданып, тоздырып тастайды. Кешегі жағдай тіптен сұмдық болды. Күйеуім жұмыстан соң үйдегілерге онша-мұнша әкеліп бір литр коланы "саған үйдегілерден түк қалмайды ғой" деп маған берген болатын. Кешке күйеуіммен ішеміз деп, шкафқа киімдерімнің астына тығып қойдым. Соны кеше кіші енем бөлмемізді ақтарып тауып алыпты. "Дәрі іздеп кірдім" дейді. Дәрілердің бәрі асүйде қорапшада тұратынын менен жақсы біледі ғой. Сөйтіп сол коланы қайынсіңлім көрсетіп тұр, "Мамам берді. Тығып қойыпсыз, тауып алдық",-деп мәз боп. Әйтпесе мектеп бітіргелі отырған, бойжеткен қыз ғой.

Алла куә, 3 жылдан бері үйдегілердің біреуіне сөз қайтарған емеспін. Бәріне төзіп-көніп келе жатырмын. Күнде 10 таба нан жапсам да, жетпейді. Үйде сонша адам болған соң. Артылса, енем келген қонақтың қойнына қыстырып жібереді.

Кейде тірліктеріме үлгермей кеткен кезде қайынсіңлілеріме "көмектесіңдерші" десем, "Біздің үйіміз емес бұл. Біз кететін адамбыз. Қалатын сен, өзің істе",- деп быттиып телефонын шұқп жата береді. Тіпті бөлмелерін де жинамайды. Кейде ішкиімдеріне дейін мен жуам.

Шынымды айтсам шаршап кеттім. Ешқашан бітпейтін сияқты бұндай күндер. Бәрін тастап кетіп қалғым келеді, бірақ әке-шешем жер шұқыпп қала ма деп қорқамын. Не істеуге болады? Мен де адам баласымын ғой... Әлде жағдайдың бәрін егжей-тегжейлі айтып берсем, түсінер ме екен? Сонша ерте күйеуге шығып нем бар еді? Сорлап отырысым мынау енді... 

Қыздар, ләжі болса, күйеуге асықпаңдар. Оқып, өздеріңді дамытыңдар. Нәскиін жуатын сасық бай қашан да табылады екен...

Әкем - балдақты адам
53-ке келген анама күйеу іздеп жүрмін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу