Қайын атамның рухының назалануына мен себеп болған сияқтымын

Oinet.kz 06-06-2023 8981

Жасым жирыма екіде. Жақында тұрмыс құрып, өз жұртымның табалдырығын аттадым. Анам бізді кішкентайымыздан "Ертең барған жерлеріңде шешелерің не үйреткен",- деп жүрмесін деп тірлікке тап-тұйнақтай етіп өсірді.

Screenshot_31.jpg

(фотоның материалға қатысы жоқ, ашық дереккөзден алынды)

Сол анамның жалықпай үйреуінің арқасында кез келген жерде үсті-басымды, отырған жерімді тап-таза етіп жүремін. Студент кезде жатақхана бөлмесінде 4 қыз бірге тұрдық. "Салақтық" дегеннің не екенін сол кезде көрдім. Қасымдағы қыздар тамақ ішкен табағын екі-үш күнге дейін жумай тастай салады. Сабақтан келіп киімін қалай болса солай шешіп, ертесі соны киіп кете беретін. Мұндай ортаны көріп, жағамды ұстадым. Мен шашылып жатқан жерде тыныш отыра алмаймын. Сол үшін қыздармен көп ұрыстым. Бөлмені күнде сыпырып жинайтынмын.

Біздің жатақханада қыздар мен жігіттер бір дәліздегі бөлмелерле орналаса беретін. Қарама-қарсы бөлмеде тұратын өзімнен 4 жас үлкен медицинада оқитын Ернар сол ұқыптылығымды көріп ғашық болыпты.

3 жыл сөйлесіп жүріп Ернардың шаңырағын аттағаныма міне 2 ай болды. Басында келім-кетім қонақтар мен жас жұбайларға үй көрсетіп шақырулармен үйде енеммен дұрыс сөйлесе алмадық. Дегенмен, енем өте жайлы кісі екен. Өзімнің де тірлікке ептілігім сеп болды. Үйді айтқызбай қыл қалдырмай жинап, ұлы жұмыстан келгенде ас-суынәзірле пкүтіп алып жүрмін. Тек өткен апта түсініксіз жағдай орын алды.

Қыз кезімнен жұма күні 7 шелпек пісіріп таратуға тырысатынмын. Өткен апта солай шелпек пісірмек болып, зуаламның ортасын пышақпен тілгенімді енем көріп: "Ортасын неге кестің, құрғыр-ау?! Ниетіңді тас-талқан қылдың ғой. Шелпекті бүтін пісіріп тарату керек қой",- деді. Жарайды деп әрі қарай бүтін етіп пісіре салдым. Енем: "Шелпектің көлемі барынша үлкен, ортасы бүтін, қалың күннің көзі көрінбейтіндей болуы керек. Сонда ғана ниет етіп жеген әруақтардың жаны тыныш жатады",- деді. Келесі жолы өзі айтқандай жасайтынымды айтып қоя салғам. Содан бері енем маған салқындық танытып жүрген сияқты сезіліп жүр. Бәлкім одан алғаш рет сөз естігенге өзім солай қабылдап жүрген шығармын.

Кеше енем таңға шай ішіп отырып: "Түсіме марқұм әкелерің (енемнің күйеуі)  кірді. Түнеріп, түрі әбіржіп кетіпті. Үйге кір шай іш десем, қолын бір сілтеп ренжіген күйі кетіп бара жатыр",- дейді. Мұны естіп өткен апта бір шелпекің ортасын бөліп қойғаным есіме түсіп, өзімді кінәлі сезініп отырмын. Мен қайын атамды көрмегем.  2 жыл бұрын қайтыс болыпты. Қалай ойлайсыздар атамның енеме ренжіп кетуі менің кесірімнен болуы мүмкін бе? 

Осы жұма тағы да шелпек пісіріп таратамын...

Бірақ анам бәрін үйретіп, осы нәрсені неге айтпаған деп таң қаламын. Бәлкім әр елдің салты басқаның кері шығар жай ғана. Лайым солай болғай.

Күйеуім қанша жерден намаз оқыса да, істеп жүргені нағыз шайтанның ісі
Туған жеңгеме үйленіп алдым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу