Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Алматы облысында әйел жұбайының бес мәрте тоқал алып, соңында өзін қуып шыққанын айтты. Оған төрт баласын көрсетпей, ана құқығынан айырамын деп қорқытатын көрінеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы облысы Есік қаласының тұрғыны Алмахан Хидербаева көп әйел алғыш күйеуінен мезі болып, балаларын қайтадан бауырына басқысы келеді. Хидербаева бір тоқалды алуға рұқсат беріпті. Олар тіпті бір шаңырақ астында тұрған. Ал осыдан кейін оның рұқсатынсыз алып келіпті.
Кезінде Өзбекстанның азаматы Алмаханды бұл кісімен жеңгелері таныстырған екен.
“Өтебек маған дейін үйленіп, ажырасқан. Бірінші әйелімен жеті жыл тұрған екен, бірақ ол тумағаннан кейін ажырасып кетті. Ал менің үш қызым және кенже ұлым бар. Кенже ұлымды туғаннан кейін ол үйленіп алды”, – деді әйел.
Әйел үйге келген кезде ғана үйде басқа тоқалдың жүргенін көрген. Үйлену жоралғылары жасалып, үш күннен бері бір шаңырақта болған екен. Айтуынша, бірнеше рет үйленген ер адамның бұл әрекетін туыстары қолдайды.
“Ол мені ұрып-соғып, қорлады, шешең жынды дейтін. “Өзіңе қарамайсың” деп түртпектеп, бетіме баса береді”, – дейді төрт баланың анасы.
Төртінші тоқалды алғаннан кейін екеуі айырылысып кеткен. Әйелдің барар жері жоқ болғандықтан, балалар сонда қалып қойған. Енді Өтебек он жылдан бері балаларды көрсетпейді. Тіпті ата-ана құқығынан айырғысы келіп жүрген көрінеді.
Әйелдің жұбайы Алмахан тоқалды өзі алып бергенін айтты.
“Мамамның қолы сынған. Алмахан сиыр саумаймын деді. Мал қарау үшін өзбек қызды шақырды. Сол қызбен көңіл жарастырғаным бар. Ол кезде сәл мас едім. Соны көріп қалып, некелестіріп тастапты”, – деді Өтебек.
Өзбек қызы Сурайядан кейін петропавлдық келіншекті тоқал қылып әкелген, қазір Әзиза есімді әйелмен бірге екен.
Бірнеше рет отау құрған ер адамның жасы 41-де, жұмыссыз. Ол көп әйел алатын әдетін егде жастағы ата-анасы мен балалары үшін деп түсіндірді.
“Неге одан бас тартып, басқа әйел алды деп ойлайсыздар? Себебі ол ақыл тоқтатқан, темекі шекпейді, үйден рұқсатсыз шығып, айлап кетіп қалмайды”, – деді ол.
Қазіргі таңда балалардың үлкені колледжде оқиды, ал қалғандары – мектеп оқушылары. Жеке баспанасы жоқ әйел пәтер жалдап болсын, оларды өзімен бірге алып кеткісі келеді. Айтуынша, балаларын әкесі қорқытып қойған. Тіпті гаражға қамап, қолдарынан шымшиды дейді.
Ер адамның төртінші әйелі де Өтебек әкелік міндеттерін дұрыс атқармайтынын және отбасыда береке жоқ екенін ашып айтты.
“Бұл отбасы өте біртүрлі. Қайын атам түртпектеп, бәріне тиісіп, араласып жүреді. Бәрін бесте оятып алады. Балалар үйде емес, топчанда ұйықтауға мәжбүр. Сүт сауып қойсам, сатып жібереді, балаларға бермейді. Оларға қарт кісіден қалған тамақты береді. Тазалыққа қатысты ескертпе айтсам, жақтыртпайды. Сол себепті мен тек бір ай шыдадым”, – деді төртінші әйел.
Мектеп мұғалімі әулеттегі жайсыздық баланың мінез-құлқына әсер еткенін мәлімдеді. Айтуынша, соңғы кездері 3-сынып оқитын ұлдың көңіл күйі болмай, сабаққа зейіні төмендеген.
“Үй жұм орындамайтын болған. Өз-өзімен күледі. Жеке сөйлесіп, не болғанын сұрап көрдім. Басында жылап, не болғанын айтпағанымен, шет-жағасын тарқатты. Ата-анам ажырасып кетті, мен екеуімен де тұрғым келеді деді”, – дейді сегіздегі ұлдың сынып жетекшісі.