Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Менi 21 жасымда ауылдың баласы алып қашты. Үйдегiлер барған жерiңде қал деген соң қалдым. Өзім қаланың қызы болған соң ауылға үйрену оңай болмады, "уақыт емшi" дейдi ғой бәрiнеде үйрендiк, таңертең 5-те тұрып сиыр сауу, қазан-ошақ бәрi менің мойнымда болды, сол шаңырақтың жалғыз келiнi болдым себебi жолдасым жалғыз ұлдары.
1 жылдан кейiн қызыма жүктi болдым. Қызымды кесарьмен босанған едiм, ота кезiнде жатырыма қатты зақым келiп, алып тастапты. Қызым айнымаған өзім. Сол кездерi қатты қиналдым ендi сәби туа алмайтыныма жолдасым, енем барынша менi жұбатты. Қызым 2 жасқа толған соң қалаға көшіп келдiк.
Бiр күні енем бөлмесiне шақырып алып "қызым сенi түсiнемiн саған оңай емес бiрақ ұлыма тоқал әперуiм керек сен қыз тудың әрi ендi бала көтере алмайсың, ұлымның артында ұрпағы қалу керек" дедi. Дәл сол сәтте жүрегiм қарыс айырылды. Түнімен жылап енемнiң сөздерiн ой елегiнен өткiздiм, енемнiң сөздерiнiң жаны бар екенiн ұқтым. Енеме оның сөздерiн құптайтынымды айттым.
Жолдасыма енем өз ойын айтып едi басында қарсы болды, бiрақ ақыры енем көндiрдi. 1 айдан кейiн жолдасым тоқалын алды тоқалы жап-жас, әдемi екен. Қанша дегенмен әйелмiн ғой iшiм күйіп, жолдасымды қатты қызғанып жүрдiм.
Тоқалмен басында ара-қатынасымыз жақсы болды кейiн ол ұл баланы өмiрге әкелдi. Қайын жұртым қатты қуанып ұлан-асыр той жасады. Барлығының көңілi соларға ауды, қызым екеумiзге ешкiм қарамайтын. Жолдасымның тоқалы да сол сәттен бастап өзінше бола бастады. Мен жұмысқа кеткенде қызымды ұрып, ұрсады екен. Енемде бұны бiлмейдi екен ол қайын әпкемнiң балаларын бағуға кететiн. Мен ештеңеге қарамай жолдасыма барлығын айтып бердiм ол басқа қалаларға iс сапармен жұмысқа баратын сол үшін ештеңеден хабары болмады.
Жолдасымның тоқалы барлық iсi үшiн жазасын алды, сондада қоймады жолдасым екеумiздің арамызға ол от салғысы келетiн себебi жолдасым менi оған қарағанда қатты жақсы көрiп, сыйлайтын ол осыны көре алмайтын. Бiрақ онысынан түк шықпайтын.
Уақыт өте келе ол әйел шектен шыға бастады. Мен жолдасыма қызымды алып бөлек шығатынымды айттым себебi күнде ана әйелмен ұрыс болатын мен жолдасыма осының бәрi қызыма керi әсер етiп жатқанын, әрi қатты шаршағанымды айтып бөлек шықтым. Сол кезден бастап барлығы дұрыстала бастады тұйық қызым бұрынғыдай еркелеп, мiнезiде ашыла бастады. Әр демалыс күндерi жолдасым бар уақытын бiзге арнайтын. Жолдасым бар жағдайымызды жасады үй, машина барлығын әпердi. Бәрiне Аллаға шүкір әрине.
Қазiр мен 39 жастамын, қызым 16 жаста. Қызым өте әдемi, ақылды, тәрбиелi қыз болып өстi. Астана қаласында тұрамыз. Келесi жылы қызым құдай қаласа мектебiн бiтiредi. Жолдасым тоқалы екеуiнiң 2 ұлы, 1 қыздары бар. Қызым бауырларымен жақсы араласады бiрақ жолдасымның тоқалы қызымды ұнатпайды. Кейде әдейi aнау әйел жолдасымен қызымның арасына от салады. Қызымды әкесiне жаман атты қылып көрсеткiсi келедi. Қызым әкесiмен ұрысқан күндерi жылап келедi. Aнау әйелге қатты жыным келедi. Жасаған жақсылықты түк түсiнбейдi.
Жолдасым негiзi менiмен тұрам деген бiрақ менiң балам әкесiнен бөлек тұрсада сол әйелдiң балалары әкесiмен тұрсын дедiм жолдасымды сол әйелмен тұруға көндiрдiм, ол әйел ешбiр жақсылықты түсiнбейдi. Ол әйелде бiреудiң обалына қалып бақытты бола қоймас.
Жолдасыма ол әйелге сенбе десемде болар емес ол өзгерген дейдi өзгерген ештемесiн көрмедiм. Байғұс қызым сол әйелдiң кесiрiнен негiзciз әкесiнен ұрыс естейдi. Аралары күнен күнге алыстап барады бұрынғы әкеci мен қызы сияқты емес.
Оқу жылы басталды қызым әкеciмен ұрысып қалғанына қатты күйзелiп жүр әрi мектеп бiтiредi осының бәрi сабағына керi әсер етеме деп қорқам әкесi екеуiн қалай татуластырсам екен.
Эх, өмiр ай. Мен тек сiздермен iшiме сыймай жүрген сырымен бөлiскiм келдi. Қызымның жабырқаулы жүзін көрiп жүрегiм ауырып жүр
Аноним
Alashainasy.kz