Бір кісінің руын сұраймын деп басым бəлеге қалды

Oinet.kz 03-05-2023 2463

Screenshot_2.jpg

Өткенде бір кісінің руын сұраймын деп басым бəлеге қалды. Əлгі көкем пəлсапаны соқты дейсіз. Қазақ қазаққа туыс. Неге осы ру сұрап бөлінесіңдер? 

Рушылдық деген жаман қасиет. Рушылдық орын алған жерде қазақтардың  басы піспейді. Айтып жатыр, айтып жатыр. Ру сұрағаным үшін өзім де өкініп қалдым. Негізі қазақ ру сұрасса қасыңда жатқан əйеліңнің өзі бөлешар болып шығады деген бар.Меніңше ру,ел жер сұрауда тұрған айып жоқ. 

Ру сұрамайтындардың бірі мен едім. Бойдақ кезімде бір отырыста бір жігітпен танысып, етене жақын араласып кеттік. Дос болдық, достығымыздың соңы махаббатқа ұласты. Əлгі жігіт маған жақын болу үшін ағаммен достасып алды. Мені  сыртымнан болса да бір көру үшін күніге кешкісін ағама келетін. Сөйтіп жүрген күндердің бірінде əлгі жігітпен ағамның əнгімелерін құлағым шалып қалды. Ру сұрасып отыр екен. Ағам өз руын айтқанда анау орнынан ыршып түсті. Мен де қоңыратпын, ішіндегі қырғызалысы, оның ішіндегі жəдігімін деп жатыр. 

Жігітім деп жүрген адам, қыз алыспайтын туыс, яғни қанымыз бір ағам болып шықты. Мұндай ыңғайсыздық болар ма?. Одан кейін ол менің бетіме мен оның бетіне қарай алмадық. Онымен танысқан кезде -ақ руын сұрауым керек еді.  Менің ең басты қателігім осы болды. Демек менікіндей жағдай орын алмас үшін ру сұрасқанда тұрған ештеңе жоқ. Ал өз руымен мақтанып, өзге руды қаралап отыратындарға айтар сөзім жоқ.

Салтанат Абылбекованың Фейсбук парақшасынан

Қыз алыспайтын жер дегенді естігенсіз бе?
Тұрмысқа шықпаған бай кәрі қыздың құпиясы елді таң қалдырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу