Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Мен өз отбасым жайлы айтқым келеді. Біз үш ағайындымыз. Мен және екі інім бар. Жасым 22-де. Жақсы болсын, жаман болсын анам ғой. Алайда қылықтары әбден шаршатты. Бұл өмірде ата ананы таңдап алмайсың ғой. Анам мектепте жұмыс істейді. Бар ақшасына жақсы киінеді. Жас көрінеді.
Жақында үй телефонына бір әйел хабарласып, әкемді шақырды. Сөйтсе ол әйел анамның сөйлесіп жүрген танысының әйелі екен. Әкеме өте ауыр сөздер айтты. Үйде үлкен айқай болды. Бірақ ұялатын анам жоқ, "сен де талай жүргенсің, саған ерегіскем, кетсең кет" деп отыр.
Одан бері бір жылдай өтті. Бірақ байқаймын, анам әлі ол жүрісін қояр емес. Телефонын тығып ұстайды. Әкімдікте жұмысы бітсе де, үйге кеш келеді. Мен айтсам "не шаруаң бар, бәрібір түсінбейсің" дейді. "Онда мен де бар білгенімді істеймін" деп қорқытып көрдім. Саспайды. Бірақ Құдай сақтасын, ондай ұятсыздыққа бармаспын деп ойлап қоямын.
"Анасын көріп қызын ал" деп жатады ғой, болашақ қайын жұртым білсе мен туралы не ойлайды деп қорқамын. Жақында май құю бекетінде дос қызыммен барып, көлікке май құйдырып жатсақ, анам да тұр. Қасында бөтен біреу, жырқ-жырқ етеді. Айтуға сөз таппай қалдым. Қастарына барып, "мынауың не ұялмайсың ба, жабайы секілді" десем, өзіме айқайлап тастады.
Бір күні жігітім анамды көріп қалды. Көшеде анаммен ұрсып тұрғанымды байқап қалып жаныма келген ғой. Сол кезде оған не дерімді білмей, "бұл менің анам" деп таныстырдым. Анам аздап қызу еді. Жігітіме көп сөздер айтты. Сол кезде жігітім қатты ыңғайсызданып, бізді үйге жеткізіп салып қайтып кетті. Содан бері сирек хабарласатын болды. Құдды айнып кететін сияқты.
Қатты шаршадым. Дос қызымның алдында да жер болдым. Айта берсем көп қылығы. Тісін жақында 300 мыңға жасатты, қымбат тон алды. "Қарызға алдым" деп қояды. Бірақ қиналып, қарыз төлеп жүргенін де көрмеймін. Мейлі қойшы дейін десем болашақта құда-жекжат, күйеу бала, болашақ келіндерден, туысқандардан қысыламын. Балалары өсіп тұрғында мына қылығы шаршатып барады. Әкемді де аяймын. Бірақ оның өз есебі түгел секілді.
Мейлі ғой, алайда оныкі білінбейді. Қалай анамды ақылға шақыра аламын? Тек ұрыспай ақылдарыңызды айтыңыздаршы.
Ақмарал, Алматы қаласы