Кетіп қалған әкемді сағынып жүрмін

Oinet.kz 06-05-2023 869

Бір атамен әңгіме дүкен құрып отырдым. Ол кісіден әкемнің иісі аңқып тұрды. Құшақтай алдым. Шыдай алмай, өксігімді жұтып жыладым. Ата бетіме қарап отыра берді...

Мен қария түсінбей қалмасын деп:

Screenshot_4.jpg- Әкемді сағындым ата, әкем өмірден өтті- деп әрең айттым. Қарт арқамнан қағады, маңдайымнан сипайды деп ойладым. Бірақ қария тарам тарам болған көз жасыма қараған күйі міз бақпады.  Мен ол кісіні құшақтаған күйі одан сайын жыладым. Егде қария бірақ не қолымды алмады, не жұбатпады...

Атайды жалғыз ұлы қарттар үйіне өткізіп кеткен екен...

Әкемнің расымен жоқ екенін алғаш рет ұққаным осы болды...

Бірде подьезге шықтым. Мас ер адам отыр екен. Шашы әппақ. Әкеммен жасы шамалас. Тағы да әкемнің бейнесі елес берді.

Неге екенін әкем кеткелі, әкем туралы айта беретін боп алыппын. Бұл еркімнен тыс әдет.  Өзімді тоқтата алмай қаламын. Әлгі кісі тұруға оқталып барып  құлап түсті. Мен:

-Неге ішесіз көке? Ұят қой! Менің әкем ешқашан ішпеген. Сіз де ішпеңізші! Әкем жақында өмірден өтті, ал сол өнегесі бізге қалды" дедім. Ол кісі жүзімен бұрылып қарап тұрды да:

-Әкең өмірден өтті-ме?- деп қайталап сұрады.

Мен:

-Иә- деп күмілжідім.

Ол кісі:

-Сенен ұялып тұрмын қызым, кешірші мені, - деп солқ солқ жылады. Бетін басып, ұялып сыртқа қашпақ болды. Мен жібермей, ұлының номерін алып, қоңырау шалдым.

Сәлден соң :

- Әке,  Уайымдадым ғой, жүріңіз үйге, ішпеуші едіңіз ғой - деп, бәйек болған ұлы, әкесін құшақтап кетіп бара жатты...

Құралай Сейсенбекқызыңың Facebook парақшасынан


Жетесіз жеңге мен кекірейген келін
Ата-енем әмеңгерлік жолмен қосқан қайным жаныма жоламайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу