Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Сәлеметсіздерме, құрметті оқырман. Менің жазып отырған хатымда есімімді көрсетпейсіздер деп өтінемін. Айналамда кімнен кеңес сұрарымды білмей өздеріңізге жазып отырмын. Жасым 21-де. Ерте тұрмыс құрдым, бірақ белгілі себептерге байланысты ажырасқаныма 1жыл болып қалды.
Аллаға шүкір тəп-тәтті ұлым бар. Жағдайым да жаман емес, жақсы жұмысым бар! Күйеуіммен ажырасуымыздың себебі, бар кінә өзімнен. Шаңырағымыздың көпке шыдамай шайқалу себебі менің ұлым өз күйеуімнен емес бұрынғы жігітімнен.
Біраз уақыт жүрген жігітім жүкті кезімде өз баласынан бас тартып, мені тастап кетті. Өйткені ол қорқақ болды. Ал күйеуім мені қатты жақсы көрді, мен үшін бәріне көз жұмып қарады. Мен де оны жақсы көріп қалдым.
Ол маған сөз салған кезде ештеңені жасырмай, жүкті екенімді, бəрін айттым. Күйеуім бəрін түсініп, өз мойнына алатынын, ұлыма қамқор əке болатынын айтты, кейін бетіңе баспаймын деп уәде берді.
Тіпті некеге де тұрдық. Мен босанғанымша бетіме басқан емес бақытты өмір сүрдік. Сол кезде одан бақытты адам болмады, кәдімгідей өз ұлы дүниеге келердей күтті. Босанған күні оның ата-анасы біліп қалып, өз немересі емес болғандықтан қарсы болды.
Бұл туралы бүге-шігесіне дейін айтсам тым ұзақ болып кетер. Қысқасы, ата-енемнің қалауымен ажырастық.
Күйеуімнің ата-анасын кінəламаймын, олардікі де дұрыс. Бірақ күйеуім ажырасқан соң хабарсыз кеткен жоқ, қайта маған көмектесіп ұлымның барлық керек жарағын əперіп жүрді.
Ол Оңтүстікте мен Солтүстікке жұмыс барысымен ауысып кеттім. Ендігі мәселе ол маған қайта қосылайық, мен сені жақсы көремін дейді. Енді не істесем болады? Қайта қосылсам ата-анасының наласына қаламын ба деп қорқамын. Ата-анама айтсам əкем қайта қосылатыныма қарсы!
Ажар, Көкшетау