Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Әлеуметтік желіде жас келін шындығын айтып тастады. Ол енесімен бірге тұратын болып шықты, деп жазды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Тойлардың бірінде асаба ойын ұйымдастырған сыңайлы. Келіндерді жинап, "Әлемдегі ең бақытты әйел?" кім деп сұрақ қояды. Келін де жасырмай "Әлемдегі ең бақытты әйел - енесінен бөлек тұратын әйел шығар" дейді. Жауап берген келін енесімен бірге тұратын болып шықты.
Желіде тараған видео халықтың қызу талқысына түсті.
"Енесі ұялғаннан тығылатын тесік таппай қалды-ау. Осындай қақпас кесепат қатындардан Құдай сақтасын!," "Енең саған бақытсыз болуға не кедергі жасап жатыр, топас", деп жарыса жазды оқырмандар.