Кіші қызым жерге қаратты

Oinet.kz 17-03-2023 2121

Жазуға ұялып тұрмын, бірақ ақылдарыңыз керек. 3 қызым бар, күйеуіммен ажырасқанмын. Қыздарыма бар жақсыны беру үшін өмір бойы 2-3 жерде жұмыс жасап келдім. Шүкір, үлкен қызым тұрмыста, жақсы жерге шықты, 1 баласы бар. Ортаншы қызым Австралияда оқып жатыр. 

Screenshot_4.jpg

Ал кіші қызым мені жерге қаратты. Осы жылы мектеп бітіреді, бір жігітпен жүріп, бүлініп қалыпты. Әбден ұрыстым, айқайлап, сразу тексеруге апардым, екіқабат емес екен, бірақ қыз да емес. Ана жігіттің әке-шешесімен сөйлесейін десем, айтпай отыр ештеңені. Қандай жігіт, кім, қай жақтікі екенін де білмеймін. Бөлмесін жауып алып шықпайды, жылап жатқанын ғана естимін. Бүгін 2-ші күн, тамақ та ішпеді. Тек түнде шығып, әжетханаға барып, су ішті. Қорқым отырмын, не істесем болады? Ақыл айтыңыздаршы.

Құрманкүл

Ажырасқан әйелге үйленіп едім, нағыз зымиянның өзі боп шықты
Ойланбай жасаған адымым өмір бойына қара күйе жағып қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу