Қатынымнан құтыла алмай жүрмін

Oinet.kz 17-03-2023 6634

Шындығы сол, қатынымнан құтыла алмай жүрмін. Тіпті, оған қалай үйленгенімді де ойлағым келмейді. Қаным басыма тебеді. Қысқасы, жан жарым Жанарға ойда жоқта үйленген едім.

Screenshot_1.jpg

Ол менен он жас үлкен. Әскерден келген кезім. Соның «буымен» тойлап жүргенбіз. Сөйтіп жүргенде өзіммен бірге служит еткен көрші ауылда тұратын бір дос бала әскерден келе қалды. Ол шақырған соң көрші ауылға бардым. «Вечер» болды. Сол отырыста Жанармен таныстым. Менен он жас үлкен екен. Сәл ішіп, қызып алған соң қарайсың ба, сыртқы әдемі пішіні, сұлу жүзін көрген соң бірден биге шақырдым.

«Мынау кішкентай, менің жасым үлкен» деп қымсынбай, үстелде жаныма отырды. Вечерден соң сол ауылдағы бір досыммен келісіп, қызды сол үйге ертіп бардым. Әке-шешесі жоқ екен. Жанармен оңаша бөлмеде қонып шықтық. Ортамызда бәрі болды. Жанар түнде жатқанда өзінің қыз емес екенін, жігіті болғанын, тұрмысқа шыққалы жүргенде ол бала жол апатынан қайтыс болғанын айтып берді. «Сен сол балаға ұқсайсың. Сондықтан сені ұнатып қалдым», деп бар сырын ақтарған. Содан бастап арамызда махаббат оты тұтанды.

Он жас үлкен болғанына қарамадым. Жақсы көрдім. Жанымдағы достарым, «оны апа қыласың ба?» дегендеріне де елең етпедім. Ол жүкті болып қалғанын айтқан. Әке-шешемнің, туғандарымның қарсылығына қарамай үйлендім. Көп ұзамай Жанар босанды. Қызды болдық. Ауылда жұмыс болмаған соң қалаға келіп, жұмысқа тұрдық. Өмірге бір ұлымыз келді.

Бірақ уақыт өте келе бәрі өзгерді. Достарымның айтқаны дәл келді. Жанар үлкендігін жасады. Жұмысқа барып келсем, қалтамды ақтарады, телефонымды тексереді. «Неге кешіктің, неге телефонды алмайсың, біреуің бар ма?» деген сияқты болмайтын бықсық әңгімелерді айтып есімді шығаратын болды.

Тапқан табысымды өзіме бір тиынын ұстатпай қалтасына салып алады. Достармен қыдыру, қонаққа бару деген арман болып қалды. Ара-тұра қонаққа бара қалсақ, «мен тұрғанда өзге қатынға неге қарайсың, неге өзгемен билейсің. Жас қатын алғың келіп жүр ме, мен саған көрсетемін» деген секілді әңгіме айтылып, үйде міндетті түрде төбелес болады.

Әбден шаршатты. Отбасылық реніш болған үйде қайдан береке болсын? Басында ойлаушы едім, «жасымызда айырмашылық болса, арамызда сыйластық болатын шығар, ортамызда махаббат бар ғой» деп. Сөйтсем бәрі бекер екен.

Тіпті кейін біреулер арқылы білдім. Жанардың ешқандай жігіті болмағанын, жол апатынан қайтыс болмағанын. Керісінше, әр жігітпен бір жатып, қыдырып аты шыққан жеңілтек қыз екен. Аты шыққан қызды ауылда кім алсын? Ал сырттан келген мені аңқаулығымды пайдаланып, өз қақпанына түсіріп алыпты.

Өкін, өкінбе, енді бәрі кеш. Ол жүргіштігін де кешірер едім. Егер ол өзін жақсы ұстағанда. Амал қанша, бәрі басқаша болып тұр. «Ажырасқың келсе, мына екі балаңды алып кет. «Не үйі, не күйі жоқ. Тапқаны түкке жетпейтін сендей қайыршы жігіт кімге керек. О, сүмелек» деп кейде өзіме тап беріп, итеріп жібереді. Түйіп те қалады. Сабап тастайын десем, «ұрып көр. Көзіңе көк шыбын үймелетіп, полиция шақырып, айдатып жіберемін» деп өзімді қорқытады. Полиция шақырамын дегеннен қорқып тұрғаным жоқ, тек балаларым әке-шешесі бірін-бірі ұрып төбелескенін көріп, шошымалы болып ауырып кете ме деп ойлап, өзімді ұстап қаламын.

Достарым айтады: «сен жассың, сондықтан тастап кетеді деп Жанар қорқады. Қызғанады. Айқай-шу содан туындайды», деп. Бірақ бұлай қашанғы өмір сүруге болады? Өзім де, күнде жанжалдан екі кішкентайымда зәрезап болды. Не істеуге болады?

Бәлкім, әлеуметтік желіде өзінен он-он бес жас кіші қыз алған, немесе он-он бес жас үлкен қызға үйленген азаматтар болса, келісті өмір сүріп жатса, өз тәжірибелерімен бөліссе екен.

Өйткені мен өзімен он жас үлкен қызды әйел етіп аламын деп «ішкенім ірің, жегенім желім» болып жүр.

Шалқар Төрегелді

el24

Қайынағам мен көрші әйелдің қылығынан мен ұялып жүрмін
Ажырасқан әйелге үйленіп едім, нағыз зымиянның өзі боп шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу