«Қолымды қанға бояғым келмейді»: Келіншек тиран күйеуінен қорқып сөмкесіне пышақ салып жүр

Oinet.kz 01-04-2023 1809

Амалсыз сөмкесіне пышақ салып жүруге мәжбүр болған әйел, тілшіден көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиапорталына сілтеме жасап.

Screenshot_10.jpg

"Салеметсіз бе апай, мен сіздерден көмек сұрасам алқаш күйеуімнен кеткен едім, енді ол мені қол-аяғыңды шабам, ұстап алып машинама салам да айдалаға апарып ұрып кетем деп жатыр. Енді мен өзімді қорғау үшін пышақ және көзге себетін алып жүрсем өмірімде қыйындық көріп келемін көп, енді бір жерім сынып жатып қалсам кім қарасын маған? Гүлмира ханым көмек керек еді маған, өтініш сол еркекке психолог керек маған да керек. Қаскелең қаласы (мекен-жайын алып тастадым) пол жуамын, ішкені арақ

Заңды некедеміз, 2-рет опық жеп отырмын 3 балам бар, осы куйеуімнен 2 балам.

Бір ауыз сөзбен ескертсеңіздер екен деймін милициямен келіп, әйтпесе менің әке-шешем, ағамды тыңдайын деп тұрған жоқ. Мүмкін сіздерді көріп жайымен жүрер арыз жазғам желтоқсанда қайтарып алмадым қорғаныш болыңыздар дегем, бір хабарласып "ия" деп жоқ болып кетті милиция.

Сумкама пышақ салып жүрмін машинасына салып мені ұратын болса қорғанам деп.

Қолымды қанға бояғым келмейді Гүлмира ханым!!!",- деп жазылған хатта.

Screenshot_8.jpgScreenshot_9.jpg


Шай емес, у ішкендей болдым
Досын үйлендіру үшін алып қашқан қызға өзі үйленуге мәжбүр болған жігіттің аянышты тағдыры
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу