Жас босанған әйелім мезі етті

Oinet.kz 04-03-2023 4798

Жан-жарым екеуіміз екі ай бұрын алғаш рет ата-ана атанған едік. Бұл сәтті көптен күттік. Себебі үш жылға жуық арамызға бала бітпеді. Әйелім де мен де Жаратқаннан сәби сұраумен болдық. Іштей қиналсақ та сыртқа білдірмеуге тырыстық. Қанша дәрігер мен емшілердің есігін қақсақ та нәтиже болмады. Біз асықсақ та Алла асықпайды екен. Әйелім екеуімізге ата-ана атану бақыты тек биыл бұйырыпты.

Screenshot_2.jpg

Бұл сәтті көптен күткен соң баламыздан ештеңе аяп жатқанымыз жоқ. Қазіргі уақытта көзайымымыз болып жүр. Дейтұрғанмен әйелім екеуіміз бала үшін жиі сөзге келіспей қалатын болдық. “Баламды дұрыс көтере қоймадың”, “Әке болған түрің құрысын”, “Жаялығын дұрыс ауыстырмадың” деп сөгетін болды. Өзімнің артымнан ерген іні-қарындастарым болмаған соң бала бағу мен үшін жат нәрсе еді. Дегенмен өз қызымды барынша жақсы қарауға тырысып жүрмін. Алайда әйеліме сонда да жақпадым.

Баланы түнімен кезектесіп қараймыз. Ал таңда мен жұмысқа кетемін. Жұмыстан кеш келген күндері жұбайымның қабағынан қар жауып тұрады. Одан қалса осы уақытта кіммен және қайда болғанымды сұрап, тіміскілей бастады. Екі сөзінің бірі – “ажырасу”! Шынымды айтсам, қазір үйге тек қызым үшін барамын. Әйелімді қанша жақсы көрсем де бет жүзін көргім келмей кетті. Тіпті, күн өткен сайын сезімім суып бара жатқандай көрінеді. Мені бағаламағаны қатты ренжітеді.

Күйеуім сіңлімді екінші жар етті
Анама деген өкпем қара қазандай, ешқашан кешіре алмайтын шығармын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу