Жалқау күйеубалам бізге көресіні көрсетті

Oinet.kz 02-03-2023 2416

Мен жауқазындай әдемі қызым ақ келін атанғанда шексіз қуандым. Ана үшін қызының құтты ұясына қонып, жеке отбасы болғанын көру қуаныш қой. Бірақ күйеубалам қызыма көресіні көрсетіп жатыр.

Screenshot_5.jpg

Айман ұлдан кейінгі жалғыз қызымыз. Біздің көз қуанышымыз. Әлемдегі бар жақсыны қызыма бергім келеді. Бірақ тағдыр өз дегенін істеді екен. Айман оқу бітірген шағында өзін айттырып, құда түсіп келген қаншама жақсы, бақуатты жігіттерді менсінбей, студенттік шағында танысқан жігітке тұрмысқа шығуға шешім қабылдады. Біздің қарсылығымызға құлақ аспай, сол үйі-жайы жоқ жігітке келісімін берді. 

«Ерке» күйеубаламыз үйдің кенже ұлы екен. Айман келін болып барған соң абысыны еншісін алып, бөлек шықты. Марқұм құда-құдағиымыздың көзі тірісінде бәрі жақсы болды. Күйеубаламыздың да дыбысы шықпай, үлгілі отбасы қатарында болатын. 

Қызым тұрмысқа шыққан соң қатарынан екі бала босанып, үйде жұмыссыз отырып қалды. Ал күйеубаламыз жалқаулығынын кесірінен жұмыстан қуылып, енді ол да үйде отыр. Істейтін жұмыс жоқ, әйел-баланы бағу керек деп те ойламайды. Таңнан кешке дейін аяғын көтеріп, диванда жатады. Онысымен қоймай, қызымды ұрсып, ұратыны тағы бар.

Байғұс қызым жалқау күйеуінін кесірінен әбіржіп кетті. Қызым аш қалмасын деп азық-түлік, киімін әперемін. Жалқау күйеу баламды таныстарыммен сөйлесіп жүріп, жұмысқа орналастырдым. Бірақ олар мұндай жалқау адамды қайтсің? Әйтеуір, соларды ортаға салып оған айлық ретінде ақша беремін. Берген ақшаны алмайтын өтірік «көкіректігі» тағы бар. 

Қазір мен тірі кезде тамақ пен ақша беріп жатырмын. Ал егер мен өліп кетсем бұлар аш қала ма? Күйеу балам отбасын мүлдем ойламайды. Тек диванда аяғын көтеріп жатса болғаны. 

Сол баяғыда құда түсіп келген мықты жігіттерді тандамай, осы біреуге ұрынып қалды-ау, аңқау қызым. Қызым мен немерелерімді уайымдаймын!

Баламды өз еркіммен перзентханаға тастап кеттім
Анасының өлер алдындағы жасырған құпиясын білген баласы өкіріп жылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу