Анамның сүйектерін жинап, көздерін теріп, көміп жатыр...

Oinet.kz 17-01-2023 6045

Әруақ бар дегенге, ол соңындағы ұрпақтарын қорғап жүреді дегенге сенесіз бе? Ал мен мына оқиғадан соң сенетін болдым. Анам қайтыс болған соңғы екінші жылы қатты ауырдым. Аласұрып, өлетін халге жеттім. Әсіресе, түн ауыр болды. Көзімді жұмсам болды, құбыжықтармен алысып кетемін.Таңға жуық көзім ілініп кетіпті. Биік құздың басында тұрмын.

Screenshot_1.jpg

(сурет ашық дереккөзден алынды, материалға қатысы жоқ)

Қасыма сүйегі әлеқашан қурап кеткен, ауылдағы адуынды кемпір Рахима келді. "Төменге құлауға қорқып тұрсың ба, менің қолымнан ұста. Төменге қарай жүгіреміз, қолымнан шығып кетсең қайтып келмейсің" деп, қолымды өзіне жұлқи тартты.

Осы кезде айқайды салып анам жетті. "Жібер,Рахима баламды. Ол әлі жазылады, бармайды ол жаққа. Сенің жақсы адам емесіңді білемін" деп, мені Рахиманың қолынан жұлып алды. Мен сытылып шықтым. Рахима болса анамды төменге қарай итеріп жіберді.

Байғұс анам төменге қарай допша домалады. Айқайлап барады, "Ессіз қалғыр Рахима, өлтірдің мені" деп. Терең құздың етегіне жеткенше анамның сүйектері шашылып, керек болса көздері де жерде жатыр. Етекте бір шал анамның сүйектерін жинап, көздерін теріп, көміп жатыр. Анықтап қарасам, өзімнің атам екен. Талай жыл баққан өзінің келінін арулап көміп жүр.

Осы түсті көргеніме бақандай 11 жыл болса да, әлі күнге көз алдымда. Одан беріде де талай ауырдым, үнемі жанымда анам жүреді. Осыдан соң әруаққа, олардың желеп-жебеп жүретіндеріне қалай сенбейсің...

Ердаулет Сұлтан

Атам жүкті болып келгенімді бетіме баса береді
Енем мен қайын апаларым тұрмысқа шыққанымды қалайды...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу