Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Мен 17 жасар қыз баламын. Алла қаласа биыл 18-ге толамын. Басымнан көп жағдай өтті. Кішкентайымнан тым ерке едім. Екі әпкем бар. Арамыз 9-10 жас. Үлкен әпкем ауылда әжеммен атамның қолында өскен. Екіншісімен бірге өстік. Анам сол қыздардын ішінде мені тым қатты еркелететін.
Содан тағдырдың сынағы ма, анам 12 жасымда мына дүниеден өтті. Тым ауыр болды. Әкем басқаға үйленіп, сол әйелімен әлек болды, әпкелерім маған қарамады да.
Содан менде ойыма келгенін істедім. Білемін дұрыс еместігін. 14 жасымнан жігітпен жүрдім. Ол кезде екінші әпкем үйден кетіп қалған еді, әкеммен сыйыспай. Үлкен әпкем ауылда тұрмыста еді. Содан менде сыйыспай, үлкен әпкемнің үйіне келдім. Сол жігіт менің артымнан туған күніме келді. Ол ауыл тым алыс еді қаладан. Содан екеуміздің арамыз суып, айырылысып кеттік. Себебі тек телефонмен сөйлесіп жүрген едік. Екеуміз айырылысқаннан кейін ол басқа қызбен жүріп, сол қызды үйіне кіргізіпті. Екеуі сосын жараспай қалыпты. Ол қызға қол көтеріпті. Мен сол кезде қалада едім. Маған хабарласып жүрді. Екеуміз қайтадан жүріп кеттік.
Солай мен 16 жасымда қыздығымнан айырылдым. Өзім әкеммен тұратын едім, әйелі мені жақтырмады. Ал ана жігіт тастамаймын деді. Екеуміз жиі ұрысатын болдық. Мен өркөкірек болатынмын. Бірдеңе болса айырылысамыз дейтінмін. Ал ол жылап маған жалынатын. Содан бір күні үйіме келіп пышақ алып өлем деді. Үйде ешкім жоқ еді. Содан әкем біліп қойып, киімдеріммен бірге жігіттің үйне әкеп тастады. Солай екеуміз тұрдық. Маған қол көтере бастады, түнде кетіп қалатын достарымен. Өзімнен де бар кінә әрине. Солай мен үйден кетіп қалып, өз күнімді өзім көрдім. Аш болған күндерім болды. Оқуға тапсырдым. Степендия аламын аллаға шүкір. Кейін әкем басқа әйелге үйленді. Анама қатты ұқсайды. Әкем кешірім сұрап, қазір әкеммен тұрамын. Енді сол бұрынғы жігітім бәрін қайтадан бастайық дейді. Бір жағынан өзіміз жақсы тұрамыз, ылғи менен ақша сұрайтын. Ақша үшін бе деп ойлаймын. Бір жағынан басқа біреуге шықсам бетіме басады ғой. Ол жігіт өзі армияда. Өкінем дейді. Тіпті марқұм әкесінің атымен ант-су ішті жылатпаймын деп. Өтінем маған кеңес беріңіздерші!