Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Мен 21 жасымда тұрмысқа шықтым. Онымен 4 жыл өмір сүрдім, бірақ сол 4 жылдың ішінде көрмегенім қалмады. Ол мені ұрмады, бірақ арақ ішетін. Насыбай ататын. Үйге ақша әкелмейтін. Балалармен жұмысқа шыға алмаймын.
Қара нанға зар болып,көршілерден сұрап жеген күндерім де болды. Светтің ақшасын анам келсе, сол төлеп кететін. Үшінші балама аяғым ауыр болатын. Күйеуім жұмысқа кеткеніне екі күн болған, сменмен істейтін. Жұмысына бардым тамаққа ақша алып кетейін деп, сөйтсем жұмысқа кеткен күйеуім «балам өлім аузында жатыр» деп бастығын алдап он бес мың алған, кейін мен түк білмегенсіп көз-жасымды төгіп үйге қайттым. Күйеуім үшінші күні кеп тұр.
- Қайдан келдің?,- десем.
- Жұмыстан,- дейді.
Мен бәрін білем, алдама деп сол күні ажырастық. Кейін білдім, ол наша шегеді екен. Естуімше, қамалып шығыпты. Қазір қайда жүргенін ешкім білмейді. Әке-шешеме балаларымды қалдырып жұмысқа тұрдым. Біраз жағдайымды жасап алып, балаларымды қолыма алдым. Арадан уақыт өтіп,б ір жігітпен танысып қалдым. Жақсы араласып тұрдық. Ол отбасылы адам. Кейін ол екінші әйелі болуға ұсыныс жасады.
- Мен не үшін бұлай істейсің?,- деген едім.
- Еркек өз үйінен жылулық сезінбесе, басқа адамнан іздейді екен. Мен сені көңілдес етіп ұстап, тастап кетпеймін ата-анаңның алдынан өтемін,- деді.
Сөйтіп ол менің әке-шешемнің алдынан өтті. Әңгіменің ашығын айтты. «Әйелім білмейді.Уақыты келгенде айтамын» деп. Оған әкем келіспеді. Біраз ойланып, ақыры келісімін берді. Біз мешітке барып некемізді қидырдық. Қазір баламыз бар. Бұл төртінші балам, өз атына жаздырды.
Мен туралы жаман ойлайтын шығарсыздар. Ол отбасымен жақсы. Және оның отбасына ешқандай жамандық ойламаймын. Менің айтайын дегенім күйеулеріңізге жақсы қараңыздар. Бір саты төмен тұрыңыздар. 500-теңге алып келсе, барына шүкір деп қәдірлеңіздер. Сонда еркек жылулықты басқадан іздемей, үйге асығатын болады.
Кінәні басқадан іздемей бірінші ойланыңыз. Мүмкін мені сөгетін шығарсыздар. Көзіме шөп салып жүр деген тақырыпты көп оқып жүріп, өз өмірімді айтып бергім келді. Шөп салудың астары қайда жатыр?