Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Менің жасым 23-те, 3 жыл бұрын тұрмыс құрып, жолдасыммен 9 ай тұрып екі жаққа кеттік. Оның шектен тыс қызғаншақтығының кесірінен, ұзақ тұра алмадық. Ажырасқаннан кейін менің жеке өмірім быт-шыт болды.
Ажырасқаныма 1 жылдан асқанда басқа жігіттермен араласа бастады. Бірақ олар менің бұрын тұрмыста болғанымды білген кезде маған деген көзқарастары өзгеріп шыға келетін. Бәріне керегі бір-ақ нәрсе. Қысқасы, жеке өмірім еш қалыпқа келмей қойды.
2016 жылдың көктемінде бір жігітпен танысып араласа бастадым, ол мені шын жақсы көріп қалды, мен үшін бəрін істейді, сөзімжді жерге тастамайды. Бірақ менің оған деген сезімім еш оянбай қойды. Онымен біраз уақыт сөйлесіп ждүрдім де, басқа қалаға кетіп қалдым, тек телефонмен хабарласып жүрдік. Ол маған барынша көмектесетін, үнемі жанымнан табылады. Бірақ сол бойы менде оған деген сезім оянбады.
Мен биыл туған қалама қайтып келдім. Қыста осы қалаға келе салысымен құрбыммен клубқа бардық. Сол кезде бір жігітпен вальс билеп, танысып, бірден жақсы сөйлесіп кеттік. Ол маған ұнеді, ол да мені ұнатқанын айтты. Біраз уақыт араласып жүріп бір*бірімізге бауыр басып қалдық. Арамызда жақын қарым-қатынас болды. Алайда 4-5 айдан соң ол жалыға бастады ма, біреулерден оның басқа қызбен көшеде жүргенін естіп қалдым. Әрине арамыз бұзылды. Уақыт өте келе ол менен кешіріп сұрап, қайта кездестіп жүрдік, бірақ бұрынғыдай емес. Мен оған бұдщан былай араласпай-ақ қояйық дедім, бірақ ол менің үнемі ойымнан шықпайтын. Арада бір ай өткенде өзі хабарласты ұмыта алмаймын дейді. Мен оған қарсы ештеңе айта алмадым, өйткені өзім де одан бас тарта алмаймын.
Бірақ тұрақты кездесе алмайтынымызды, арамызда шынайы ештеңе болуы мүмкін емес екенін түсінемін. Мен онымен тек анда-санда кездесу үшін жүргім келмейді. Сондықтан да қазір араласпай кеттік. Бірақ ол әлеуметтік желіден мені үнемі бақылап отырады. Қазір мен өзімді ұнататын жігітпен біргемін, бірақ ойым басқа жігітте. Өзімді түсініп, сүйіп, сыйлап тұрған жігітті ұнатпаймын, ол мені құшақтап, сүйсе өзімді жайсыз сезінемін, жолатпауға тырысамын. Есіл-дертім басқа жан. Қазір не істерімді білмеймін. Өзімді жақсы көретін жанмен тұра бергенім дұрыс па? Әлде өзім жақсы көретін жанмен бірге болғаным жөн бе?