Ақан сері Қорамсаұлы. «Жігіттерге»

Oinet.kz 16-09-2018 1347

dc1428c8fff47843b1f1291fb1075ca3.jpg

Бір дауа бір тарқасын арман - дәртім,

Қалдырдым жігіттерге сөздің артын.

Жақсыға жасын сынап, ашық айтып,

Байлайық тиянаққа істің шартын.

Бұларға үлгі берген өзі сауап,

Қымбаттың арзан менен білер нарқын.

Көлденең көкейіме сөзім тоқтап,

Басылған талай жаннан біздің қарқын.

Осындай сөз айтты деп біреуге айтып,

Шығарар оқығандар сөздің дәрпін.

Берерге ғылым жазып адам керек,

Біреу - мыс, біреу - қола, біреу - алтын.

Маңызын салмақтаған ар табылса,

Айтылмай неге қалсың менің атым.

Дана, надан - мағынасы екі түрлі,

Сарғайып сана, жүрек болар салқын.

Оқушым, айтушыдан болсын зият,

Ақыл менен ғылымның білсін парқын.

Астан жілік тістейсің, тойдан ілік,

Шарапатты жақсымен жүрсең жақын.

Ақан сері Қорамсаұлы. «Жігіт сипаты»
Ақан сері Қорамсаұлы. «Көңіл тілегі»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу