Ақан сері Қорамсаұлы. «Достарыма»

Oinet.kz 16-09-2018 1782

dc1428c8fff47843b1f1291fb1075ca3.jpg

Жиырма бестен артық жас бар ма,

Ұйқыдан жаман қас бар ма?

Еріншектен жаман нас бар ма,

Ойлаңдаршы, ағалар,

Шын жарыңнан артық дос бар ма?

Шын жолдасың ондайда

Жауға сені тастар ма?

Айта салған бір сырым,

Бірге жүрген достарға.

Ақан сері Қорамсаұлы. «Біздің көңіл қайда жатыр»
Ақан сері Қорамсаұлы. «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу