Ахмет Байтұрсынов. «Замандастарыма»

Oinet.kz 16-09-2018 1236

Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,

Әзірге қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа сабыр,

Қомсынып қоңырайма, құрбыларым.

Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,

Күн қайда үздік шығар топты жарып.

Ат турмас аяғында желі болса,

Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып.

Бар болса сондай жүйрік, қызар деймін,

Естілсе құлағына дүбір барып.

Әйтпесе арық шауып өндіре ме,

Жүргенде қамыт басып, қажып-талып

Ахмет Байтұрсынов. «Кісі мен арыстан»
Ахмет Байтұрсынов. «Жүргіншілер мен иттер»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу