​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Достыма ұмытпастық үшін хат

Oinet.kz 02-09-2019 997

Картинки по запросу Сұлтанмахмұт Торайғыров

(Көңілдегі махаббатым)

Шын достым шыбынымдай Шайбайжан,

Болғанда біріміз жан, біріміз тән.

Болса да қырық жыл қырғын ұмытпаспыз,

Сонда да, біраз сөздің реті бар.

Жібердім «Зарландымнық» жеті бөлімін

Жазуға одан артық келмеді хал.

Көңілге қиял қадар ала көрме,

Болады достық суы — достына бал.

... Дәрі ... болып дарияға барғаным жоқ:

Әртүрлі себептермен уақытым тар,

Шалқыды шар тарапқа сорлы көңіл,

Қайткенде ериді деп іштегі қар.

Сандалып жөн таба алмай зарығады,

«Құдайым атыра ма,— деп біздерге таң?»

Әрнешік халдарымның бәрі мәлім

Достыңа хал-хадарша жәрдемің сал.

«Дүние дос, махаббатсыз мал секілді», —

Деген сөзін Абайдың есіңізге ал.

Жер шетінде жүрсең де ықлас сізде,

Үнемі бірге жүру болмас бізде.

Қайнасқан жүректегі махаббатты

Ойыңнан тастай көрме әрбір кезде,

Жеткізгей мұратыңа қадір ием!

Жанумен отқа түспей ойға күйем.

Жан достым, бір-екі ауыз назым жаздым,

Көргенде босасын деп жүйе-жүйең.

Жүргейсің хат жазысып, хабар алып,

Жоғарғы сөз мазмұнын қарап алып.

«Жуан етік қазақта жұмыс аз» деп,

Жүрмеңіз тіліңізді қадап алып.

Жақсы, жаман болса да қаның бірге,

Өлсең де, тірілсең де тәнің бірге.

«Әркімнің өз аузына қолы жуық»

Егер де өлшестіріп салсақ кірге.

Бұл сөзді қастамаймын жалғыз саған,

Мысалы қурап қалған қазақ сабан.

Өзімшіл, өзге үшін жәрдемі жоқ,

Жақынын жат керетін жаудан жаман.

1912.

Мұқағали Мақатаев. «Қайран жандар»
Мұқағали Мақатаев. «Өледі кімдер, туады кімдер»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу