Мұқағали Мақатаев. «Қарт ақынның дегені»

Oinet.kz 29-08-2019 1321

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Көбелек деп жүрсің бе отты айналған?

Қуатым бар кеудемде щоқтай жанған.

Кер бестімін кермеде қаңтарылған,

Бәйге болса қалайда шаппай қалман.

Шаппай қалман және де озбай қалман,

Бәсіңді қой нанбасаң сөз байланған,

Жебесімін жез таңдай бабалардың,

Қынабында тыныстап, тозбай қалған.

Артықпын деп айта алман, алайда мен,

Алдымда аға, артта іні қарайлап ем.

Қалған адам, әдетте, көз жазбайды,

Озған адам артына қарайды әрең.

Шаппай бермен бәйгені ала ғой деп,

Жүрмісің жүйрік емес, шалағай деп?!

Ұл тапқанда ұлы анам боза ішіпті,

Қалжасына бақандай қара қой жеп.

...Кер бестімін кермеде қаңтарулы,

Дүбір шықса үзермін арқаныңды.

Қалмаспын орта жолда омақасып,

Тамсантып таңдандырмай бар қауымды.

Мұқағали Мақатаев. «Халқым барда»
Мұқағали Мақатаев. «Байқа, қалқам!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу