Астанадағы өрт: Қақпаның алдына көлігін қойған жүргізуші жазаланды

Oinet.kz 14-04-2026

Астана қаласындағы «Көркем» тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде құтқарушылардың жолын бөгеген жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы полиция мәлімдеді.

image.png

Құқық қорғау органдары жүргізушінің жеке басын анықтап, оған айыппұл салынғанын хабарлады. Полиция өкілдері азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіретін әрекеттер қатаң жазаланатынын атап өтті.

Еске салайық, қайғылы оқиға 12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйде болған. Өрт 15-қабаттағы пәтерден шыққан. Сол кезде пәтер ішінде отбасы болған.

Өрт салдарынан үш бала қаза тапты. Құтқарушылар балалардың анасын аман алып қалып, күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізді.

Төтенше жағдай кезінде жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланып, тағы 40-қа жуық тұрғын өз бетінше сыртқа шыққан.

Ақтөбеде мектеп асханасында тыйым салынған заттарды сатқан директор жұмысынан босатылды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу