Мәдина Әбілқасымова: Менің де несиелерім бар
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова өзінің де несие алатынын айтты.

Мәжіліс кулуарында журналистер одан несиелік міндеттемелері бар-жоғын сұраған. Әбілқасымова қазіргі уақытта несие пайдаланатынын жасырмады.
«Менің несиелерім бар. Тұтынушы ретінде банк қызметтерін тұрақты қолданамын. Банктердің цифрландыру деңгейі жоғары, қызметтердің басым бөлігін мобильді қосымша арқылы аламын», – деді ол.
Сонымен қатар агенттік төрағасы бірнеше рет несие алғанын, олар толық өтелмейінше өзін жайсыз сезінетінін де атап өтті.
«Бірнеше рет несие алдым. Оларды жаппайынша көңілім жай таппайды», – деді Мәдина Әбілқасымова.


