Құтқарушылар ТЖ кезінде көлікті бұза ала ма? Депутат заңды түсіндірді

Oinet.kz 15-04-2026

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан төтенше жағдай кезіндегі құтқарушылардың әрекетіне байланысты заңнаманы өзгертудің қажеті жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады Оinet.kz сайты BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

image.png

Оның айтуынша, қолданыстағы заңдар төтенше жағдайларда әрекет ету тәртібін толық қамтиды. Мәселен, «Азаматтық қорғаныс туралы» заңға сәйкес, өрт сөндірушілер мен ерікті көмек көрсетушілер заң аясында әрекет етсе, материалдық жауапкершіліктен босатылады. Сондай-ақ Қылмыстық кодексте де төтенше немесе техногендік қауіптің алдын алуға бағытталған әрекеттерге қатысты нормалар бар.

Сонымен бірге депутат елордада болған оқиғаға тоқталып, құтқарушылардың шешім қабылдауда кідіріс жасағанын атап өтті. Оның мәліметінше, шамамен 20 минут уақыт нақты әрекет тәсілін анықтауға кеткен.

Абзал Құспан мұндай жағдайлар қызметкерлердің өз құқықтарын толық білмеуі немесе жауапкершіліктен қауіптенуімен байланысты болуы мүмкін екенін айтты.

Ол мәселе заңда емес, түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігінде екенін атап өтіп, Төтенше жағдайлар министрлігіне жеке құраммен қосымша нұсқама жүргізуді ұсынды. Депутаттың пікірінше, құтқарушылар мұндай сәттерде батыл әрі жедел әрекет етуі тиіс.

Сонымен қатар ол сот тәжірибесінде даулы жағдайлар анықталған жағдайда, оларды талдап, қажет болса заңнамаға өзгерістер енгізуге дайын екенін жеткізді.

Түркістанда МӘМС қаржысын алаяқтықпен жымқырғандар әшкереленді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу