«Эпштейн менің досым болған емес»

Oinet.kz 15-04-2026

АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп өзіне қатысты айтылған айыптауларды жоққа шығарып, сексуалдық қылмыстарға айыпталған Джеффри Эпштейнмен ешқандай байланысы болмағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол ресми мәлімдемесінде айтты.

Screenshot_5.jpgМелания Трамптың сөзінше, ол Эпштейнмен ешқашан дос болмаған және онымен немесе оның сыбайласы Гилейн Максвеллмен ешқандай қарым-қатынаста болмаған. Ол олармен тек көпшілік іс-шараларда ғана кездейсоқ ұшырасқанын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай кездесулер Нью-Йорк пен Палм-Бич сияқты қалаларда өткен түрлі қоғамдық жиындарда болған. Мұндай ортада әртүрлі әлеуметтік топтардың араласуы қалыпты жағдай екенін айтты. «Эпштейн менің досым болған емес. Дональд екеумізді кейде сол ортадағы кештерге шақыратын, ал мұндай жерде адамдардың әлеуметтік шеңберлері жиі қиылысып жатады», – деді ол.

Сонымен қатар, Мелания Трамп өзін болашақ жары Дональд Трамппен Эпштейн таныстырды деген қауесетті де жоққа шығарды. Оның айтуынша, ол Дональд Трамппен алғаш рет 1998 жылы бір кеште танысқан, ал Эпштейнді тек 2000 жылы ғана алғаш рет көрген.

АҚШ-тың бірінші ханымы өзіне тағылған айыптауларды саяси астары бар, беделіне нұқсан келтіруге бағытталған әрекет деп бағалады. Ол өзінің заңгерлерімен бірге мұндай негізсіз айыптауларға қарсы күрес жүргізіп жатқанын және алдағы уақытта да өз абыройын қорғауды жалғастыратынын айтты. «Менің адвокаттарыммен бірге біз бұл жалған айыптауларға қарсы сәтті күресіп келеміз және мінсіз беделімді қорғауды тоқтатпаймыз», – деді ол.

Оның айтуынша, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен жеке тұлғалар жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрауға мәжбүр болған.

Джеффри Эпштейн – америкалық қаржыгер, кәмелетке толмаған қыздарды жыныстық қанау және оларды заңсыз желілерге тарту ісі бойынша айыпталған тұлға. Оның ісі халықаралық деңгейде үлкен резонанс тудырып, саясаткерлер мен ықпалды адамдармен байланысы жиі талқыланған. Эпштейн 2019 жылы түрмеде дүние салған. 

Иран: Қанды кек жалғаса береді
Солтүстікте халықтың қартаю индексі жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу